Жоба сипаттамасы

Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын бағдарлама ауған әйелдеріне Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік береді. Бастама Ауғанстаннан келген әйелдерге жоғары білім беру мүмкіндіктерін құруға бағытталған. Жалпы, бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін 50 әйел Орталық Азияның университеттерінде білім алады.

 

Ауғанстан әйелдерінің алғашқы тобы Алматыға 2019 жылдың қазан айында келді. 2020 жылы Қазақстан мен Өзбекстан білім беру стипендиясының қалған жеңімпаздарын қарсы алды. Тіл курстарын аяқтағаннан кейін жоба қатысушылары Қазақстан мен Өзбекстанның әртүрлі университеттерінде ауылшаруашылығы, қаржы/статистика және тау-кен ісі саласындағы бакалавриат, магистратура және қосымша техникалық білім (Техникалық және кәсіптік білім беру және оқыту) бағдарламалары бойынша білім алады.

 

Ауғанстаннан барлығы 48 әйел ҚБТУ-да білім алады. Бүгінгі таңда 2024 жылда 12 ауғандық студент ҚБТУ оқуды жалғастырып жатыр. Олардың екеуі «Қаржы/Статистика» оқып жатыр және үшеуі Маркетинг Техникалық және кәсіптік білім беру және оқыту бағдарламаларасында оқиды. 2023жылда он бес - «Маркетинг» МВА бағдарламасында оқу бітірген, тағы жеті адам Маркетинг бакалавриат студенттері 2026 жылға дейын ҚБТУ-да білім алады. 2020-2022жж. 18 кәсіптік білім беру және оқыту бағдарламасында дайындады және 15 «Қаржы/Статистика» МВА бағдарламасында магистр диплом алды.  2021-2022 жж. ҚБТУ Ауғанстаннан Техникалық және кәсіптік білім беру және оқыту тау-кен бағдарламасы бойынша геология және геологиялық барлау факультетінде 11 студентті дайындады.  

 

Қосымша Білім Беру Бөлімі жобаға қатысушыларға білімді бекіту және практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларында практикалық тәжірибе жинауға арналған алаң дайындауда.