Құрметті студенттер!

ҚБТУ-да студенттерге психологиялық қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді.

Сіз маманның кеңесін, психологиялық көмек пен қолдау ала аласыз. Қиын мәселелер мен өмірлік күрделі жағдайларда жәрдемдесу, жеке тұлға ретінде өсуге, дамуға және өзін-өзі жетілдіруге ықпал ету – қызметіміздің басты мақсаты.

Бізді 149-кабинеттен таба аласыз (Төле би, 1-қабат).

Психологтың кестесі Teams-те көрсетілген.

Телефон: +7 777 1900 100 (тек WhatsApp хабарламалары үшін) – Абдуллаева Мелита Толкунжановна

(WhatsApp хабарламасында ҚБТУ студенті екеніңізді атап өтуді ұмытпаңыз.)

 

Келіңіздер, бірге сіздің жасырын мүмкіндіктеріңізге жол табайық!

 

Миссия: Жеке тұлғаның табысты дамуына ықпал ету, оның ерекше қабілеттерін ашу және оларды өмірде жүзеге асыруға көмек көрсету; адамның өзін және қоршаған ортасын жақсырақ түсінуіне, өзі және өзгелермен үйлесімді, саналы қарым-қатынас орнатуына жәрдемдесу.

Егер өз сезімдеріңізді басқара алмасаңыз немесе өміріңіздің сапасын жақсартқыңыз келіп, саналы болғыңыз келсе, психологқа жүгінуіңізге болады. Сонымен қатар, сыртқы әлемде қолдау таба алмаған жағдайда, маманның көмегіне жүгінуге болады.

Психологиялық жұмыс жеке кеңес беру арқылы жүзеге асырылады.

Ұзақтығы: 50 минут.

Онлайн қосылған кезде, өзіңізге ыңғайлы, ешкім мазаламайтын орынды таңдаңыз. Сондай-ақ, гаджет арқылы қосылған жағдайда құрылғының толық зарядталғанына көз жеткізіңіз.

Депрессия немесе күрделі жағдайларда жағдай жақсарғанға дейін апта сайын психологқа бару ұсынылады.

Психологпен офлайн немесе онлайн кездесуге төмендегі сілтеме арқылы жазыла аласыз:

 

 

Абдуллаева Мелита Толкунжановна