Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және оқыту арқылы Ауғанстан әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін қолдау

Жобаның ұзақтығы: маусым 2019 – мамыр 2025

Қаржыландыру: Еуропа Одағы

Орындаушы: Қазақстандағы БҰҰДБ

Жоба бенефициарлары: Ауғанстан әйелдері

Жобаның серіктестері: БҰҰ Әйелдері, қатысушы елдердегі Сыртқы істер министрліктері, Білім министрліктері және академиялық мекемелері

 

Жоба сипаттамасы

Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын және БҰҰДБ жүзеге асыратын бағдарлама ауған әйелдеріне Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік береді. Бастама Ауғанстаннан келген әйелдерге жоғары білім беру мүмкіндіктерін құруға бағытталған. Жалпы, бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін 50 әйел Орталық Азияның университеттерінде білім алады.

Ауғанстан әйелдерінің алғашқы тобы Алматыға 2019 жылдың қазан айында келді. 2020 жылы Қазақстан мен Өзбекстан білім беру стипендиясының қалған жеңімпаздарын қарсы алды. Тіл курстарын аяқтағаннан кейін жоба қатысушылары Қазақстан мен Өзбекстанның әртүрлі университеттерінде ауылшаруашылығы, қаржы/статистика және тау-кен ісі саласындағы бакалавриат, магистратура және қосымша техникалық білім (TVET) бағдарламалары бойынша білім алады.

Ауғанстаннан барлығы 29 әйел ҚБТУ-да білім алады. Бүгінгі таңда 19 ауғандық студент ҚБТУ іскерлік мектебінде оқуды бастады. Олардың төртеуі «Қаржы/Статистика» бакалавриатында, бесеуі - «Қаржы/Статистика» МВА бағдарламасында оқиды, тағы он адам TVET бағдарламасының студенттері (Technical and Vocational Education and Training). Келесі оқу жылында (2021-2022 жж.) ҚБТУ Ауғанстаннан TVET тау-кен бағдарламасы бойынша геология және геологиялық барлау факультетінде оқуды жоспарлап отырған тағы 10 студентті қабылдауға дайындалып жатыр.

Қомысша Білім Беру Бөлімі жобаға қатысушыларға білімді бекіту және практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларында практикалық тәжірибе жинауға арналған алаң дайындауда.

Байланыс үшін

Жоба үйлестірушісі

Профессор Ақжалова Әсел Жолдасқызы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.