Интенсивті (қарқынды) курс емтиханға дайындық әдістері мен талаптары жайлы ақпараттар береді:

IELTS (Ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеу жүйесі) -  ағылшын тілі қарым-қатынас тілі болып табылатын жерде, оқуды немесе жұмыс істеуді қажет ететін кандидаттардың тілдік қабілеттерін тексеру ретінде танылады.

Бұл курс IELTS емтиханын екі модуль бойынша: академиялық және жалпы тапсыруға дайындалып жүрген адамдардың барлығына жарайды. Әр модуль төрт негізгі дағдыларды дамытуға негізделген:

Listening (есту арқылы қабылдау дағдылары)

Reading (ағылшын тілінде оқу дағдылары)

Writing (ағылшын тілінде жазу дағдылары)

Speaking (ағылшын тілінде сөйлеу дағдылары)

 

Курс шынайы емтихан тапсырмаларын орындау арқылы тыңдау және оқу дағдыларын арттырады.

Тілдік деңгейді анықтағаннан кейін топтар бойынша бөлу жүзеге асырылады, сәйкесінше сабақ кестесі құрылады.

Бір курсқа арналған:

- ағылшын тілін Upper-Intermediate және одан жоғары деңгейде меңгерген тыңдаушылар үшін – 48 академиялық сағат.

- ағылшын тілін Intermediate деңгейінде меңгерген тыңдаушылар үшін – 72 академиялық сағат.

 

Формат: мұғаліммен онлайн-интерактив

Платформа: Microsoft Teams және/немесе Google Meet 

Курс ұзақтығы: 2 немесе 3 академиялық сағат күніне

Курс тренерлерінің құрамы:  отандық және шетелдік тәжірибелі сертификатталған оқытушылар.

 

ТІРКЕЛУ СІЛТЕМЕСІ:

https://docs.google.com/forms/d/1g_p95KXHCqJdk1gHrTDGEjm4hzZByDjvqqvnLKZVsxM/edit