. .

 

Халықаралық экономика мектебі (ХЭМ) - 2005 жылдан бастап Лондон Университетінің танымал орталығы болып саналған ҚБТУ-дың бірегей факультеті. Біздің студенттер Лондон экономика мектебінің академиялық бақылауымен оқиды және Лондон университетінің дипломын алады. Бұл дегеніміз, біздің студенттер Лондон экономикалық мектебінде жасалған курстардың бағдарламалары бойынша оқиды, ал Лондон экономикалық мектебі  өз кезегінде әлеуметтік ғылымдар саласындағы әлемдегі жетекші университеттердің бірі және Лондон университетінің құрамына кіреді. Демек, барлық ХЭМ студенттері ҚБТУ дың ішкі емтихандарын да, Лондон Университетінің сыртқы, халықаралық емтихандарын да тапсырады.

Біздің студенттер ХЭМ-індегі оқуына жауапкершілікпен қарайды деп күтеміз. Біздің профессорларымыз, әлемдегі ең үздік университеттердің түлектері, сіздің мақсатыңызға жетуге көмектеседі!

2020 жылы ISE-де бакалавриаттың жаңа бағдарламасы ашылды: Data Science and Business Analytics (DSBA). Бұл бағдарлама қазіргі әлемде көбірек сұранысқа ие болуда, өйткені үлкен деректерді талдау біздің күнделікті өмірімізді өзгертуге ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы көптеген әлеуметтік процестерге айтарлықтай әсер етеді.

 

 

ХЭМ-інде біз студенттеріміздің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оқу материалын түсініп, қолданып қана қоймай, сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті болуға тырысамыз. ХЭМ құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және үздік әлемдік стандарттарға жауап беретін мамандар даярлайтын орталық болды.

 

Біз өз мақсаттарына сенімді түрде баратын еңбекқор студенттерді іздейміз!

Біздің есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық!

 

Бірінші курста біздің студенттер Collegeboard әзірлеген AP курстарынан өтеді. Біз есептеу, статистика, микроэкономика, макроэкономика сияқты пәндер бойынша AP курстарын ұсынамыз. Қосымша ақпарат алу үшін ОСЫ ЖЕРДІ басыңыз.

 

 

 

Құрметпен,

ХЭМ деканы Айдан Ислями

ХЭМ декан орынбасары Мадина Бигабатова

АР бағдарламалары координаторы Кристиан Капоне

Бас менеджер Дана Бисенбаева тел: +7 (727) 357 42 42

 Эл. почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер Ботакоз Бесетаева тел: +7 (727) 357 42 42 

Эл. почта; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Вебсайт: www.ise.ac