1406 - круглосуточный call-центр по коронавирусу

 

СТУДЕНТТЕРГЕ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ, ЖАТАҚХАНА ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ СҰРАҚТАР

 

Құрметті студенттер!

 

2020 жылғы 16 наурыздан бастап біз белгісіз мерзімге қашықтықтан оқыту формасына өтеміз. Сізге ҚБТУ ғимаратына келу міндетті емес, себебі ендігі кезекте сабақ барысы онлайн форматта жалғасады. 

ҚБТУ студенттеріне олардың орналасқан жеріне қарамастан «Білім беруге арналған Microsoft 365» және Google-дан «G Suite for Education», Skype, MOODLE, ZOOM, электронды пошта, телеграмм ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен білім алуға мүмкіндік береміз. Барлық оқу материалдары мен апталық тапсырмалар Uninet жүйесінде жарияланған. 

ҚБТУ жатақханаларында немесе жалдамалы пәтерде тұрып жатқан еліміздің өзге аймақтарынан келген және шетелдік студенттерге мүмкіндігі болған жағдайда өз үйлеріне қайтуға рұқсат етіледі.

Бұл қиын кезеңде студенттерге қолдау көрсету мақсатында наурыз айының шәкіртақысы, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім  балаларға арналған әлеуметтік көмек алдын-ала 2020 жылғы 16 наурызда төленген болатын.

2020 жылғы 18 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілуіне және сақтық шараларын сақтауға байланысты:

 

  1. Қауіпсіздік қызметінің көмегімен университет немесе жатақхана территориясына кірерде жылу өлшегіш құралдар арқылы дене қызуы өлшенеді;
  2. Жатақханада қалған барлық студенттер карантин режимін ұстанады;
  3. Жатақханаға кіру тек сағат 22.00-ге дейін мүмкін болады;
  4. Жатақханадан шығуға азық-түлік дүкені мен дәріханаға баратын жағдайда ғана рұқсат етіледі;
  5. Қауіпсіздік қызметінің орнында жатақханадан кіріс-шығысты белгілеуге арналған тіркеу журналы қызмет істейді. Одан бөлек, жатақханадан тыс жерлерде 1 сағаттан артық уақыт қалмауды ұсынамыз.
  6. Бөтен адамдарға жатақханаға кіруге рұқсат жоқ.
  7. Жатақхана территориясында спорттық немесе өзге де іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған. Спорттық алаң қызмет істемейді.

3.       Сонымен қатар, елде орын алған төтенше жағдай кезінде азық-түлікпен байланысты емес барлық сауда орталықтарының қызметі тоқтатылған. Кинотеатрлар, театрлар, түнгі клубтар, спорттық залдар, көрмелер және т.б. жабық.

 

ҚБТУ студенті мәселенің ауқымын сезіне отырып, тапсырмаларды өз бетімен орындау барысында жауапкершілікті сезінуі керек.

 

ҚБТУ студенттері онлайн оқу барысында мыналарды орындауы қажет:

 

- онлайн-лекциялар, видеолекциялар, онлайн-курстар көмегімен оқытушылармен күнделікті байланыста болу;

- тапсырмаларды күнделікті өз бетімен орындап, оқытушыларға жіберіп отыру;

- Декандар мен деканат өкілдерімен тұрақты түрде байланыста болу, мобильді телефондарды қосулы ұстау!

- академиялық адалдық ережесін ұстану;

- деканаттар мен Тіркеу кеңсесі онлайн сабақтарды өткізу мен студенттердің тапсырмаларды орындау белсенділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді.

 

Сізден короновирустік инфекцияның алдын-алу шараларын қатаң сақтауды;

 

- адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды;

- қол алысу, құшақтасу, сүйісу секілді физикалық қарым-қатынастан бас тартуды;

- Қазақстан Республикасы территориясында қалуды; 

- Қазақстан Республикасы бойынша ішкі сапарларды шектеуді; 

- суық тию немесе тұмаурату белгілері байқалған жағдайда (дене температурасының көтерілуі, мұрын бітелу, жөтел қысу) тұрғылықты мекенжай бойынша жедел түрде дәрігерге  қаралуды сұраймыз.

Аталған шаралардың енгізілуіне түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз!       

 

ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерге коронавируске байланысты орын алған жаһандық ахуал бойынша хабарлама жасаймын.

Қазіргі жағдай біздің барша ұжымымыздан бірлікті, жауапкершілікті және ұйымдасқан топтық жұмысты талап етеді.

 

 Біздің басымдықтарымыз:

 

  • Білім беру үдерісінің үздіксіз жалғасуы мақсатында білім алушыларға қажетті жағдай жасау;
  • Білім алушылар, оқытушылар және университет қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

ҚБТУ әкімшілігі туындауы мүмкін сұрақтардың алдын алу бойынша уәкілетті орган және де жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып  қызмет атқарады. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Университет еліміздің басқа да жоғары оқу орындары секілді білім берудің онлайн форматына өтеді. Бұл ретте, ҚБТУ Uninet, Microsoft 365 платформаларының техникалық мүмкіндіктерімен қамтылған. Университеттің көпжылдық жұмыс тәжірибесі, білім базасы және дағдылары бізге үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Студенттермен тұрақты түрде байланыста болу біз үшін өте маңызды. 

 

Осы қиын кезеңде мен әрбір оқытушыны, ҚБТУ қызметкерін, бірінші кезектегі міндеттерді шешуге, ережелер мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын.

 

Біздің университеттің басты құндылықтарының бірі - сапалы білім беру және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.

 

Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін.

Сіздердің тараптарыңыздан түсіністік пен қолдау күтемін!

 

Бүгінгі күнгі жағдай:

 

  1. Карантин кезінде «ҚБТУ» АҚ қызметкерлерінің барлық шетелдік іссапарлары мен жеке сапарлары тоқтатылды, Қазақстан Республикасы территориясы бойынша сапарлары максималды түрде шектелді.
  2. ҚБТУ үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында Жетел штаб құрылды (кризистік жағдай кезіндегі басқару тобы).
  3. Барлық жиналыстар мен талқылаулар, кездесулер телефондық және видео-конференц-байланыс тәсіліне аударылды.
  4. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ҚБТУ барлық құрылымдық бөлімшелері электронды құжат алмасуға ауысты.
  5. 19 наурыздан бастап ҚБТУ барлық қызметкерлері қашықтықтан қызмет етуге көшті.
  6. Қашықтықтан қызмет етуге ауысқан қызметкерлер қажетті IT мүмкіндіктермен қамтылды.
  7. COVID-19  коронавирус жұқпалы ауруына қатысты жаһандық және ел ішіндегі жаңалықтардан,  күнделікті шұғыл ақпараттардан хабардар болу мақсатында қызметкерлер арасында университетішілік байланыс орнатылған (Outlook, WhatsApp топтары).

FAQ

 

Барлық сұрақтар бойынша бізге жазыңыз :  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

С: Онлайн оқу, пәнге тіркелу, сабақ кестесі, анықтама, транскриптілер алу мәселелері бойынша кіммен хабарласуым қажет?

Ж: Тіркеуші кеңсе басшысы: Нұрғалиева Ақбота Өмірзаққызы 8 777 225 7253 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

С: Жатақханада тұру/орналасу/одан көшу мәселелері бойынша  кіммен хабарласуыма болады?

Ж.: Магистранттар және студенттер үйінің директоры (МжМҮ) Шопанов Мұхтар Сабурұлы: 8 701 762 62 61 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Комендант: Жұмабаева Ұлшат Тәлімқызы 8 771 488 96 47 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

С: IT сүйемелдеу мәселелері  бойынша кіммен хабарласуым қажет?

Ж.: Ақпараттық технологиялар департаменті  директорының орынбасары, Елеусізов Ескелді Аманкелдіұлы 8 777 116 09 66 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

С: Жалпы мәселелер бойынша кіммен хабарласуыма болады?

Ж: Студенттік мәселелер бойынша департамент басшысы: Дулат Қасымов 8 747 123 71 21 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

С: Егер оқуға қатысты қиындықтар туындаса, егер мен  оқытушыммен байланысқа  шыға алмасам  кіммен  хабарласуым қажет?

Ж: Өз факультетіңіздің  әкімшілігімен байланысқа шығыңыз:

Ақпараттық технологиялар факультеті

Декан: Сулиев Расим Ниязович    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Декан орынбасары: Низамдинова Рашида Турганжанқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Ахметжанова Дана Мұратбекқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультеті

Декан: Құралханов Дархан Қадылбекұлы   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Декан орынбасары: Ұзақбаев Ернар Батырбекұлы   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Шымырбаева Камила Бауыржанқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Геология және  геологиялық барлау факультеті

Декан: Ахметжанов Айтбек Жамсатұлы   Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Ұлханова Гүлжан Максұтқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бизнес мектебі

Декан: Мукашев Ержан Болатұлы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Декан орынбасары: Бигабатова Мадина Маратқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Жылқыбаева Назым Жақсыбайқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Халықаралық Экономика Мектебі

Декан орынбасары: Ислями Айдан Абайұлы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Бисенбаева Дана Қайратқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қазақстан Теңіз Академиясы

Басқарушы директор: Дмитрий Ковтуненко Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бас менеджер: Газиза Нурлаева Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Никаэла Ракишева Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Математики және кибернетика ҒБО

Басшысы: Исахов Асылбек Абдиашимұлы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бас менеджер: Манапова Айнұр Қабдешқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Ерен Нұрғаным Еренқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Химиялық инженерия ҒБО

Басшысы: Джамансариева Қалықыз Өтемісқызы  k.dzhamansаЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Менеджер: Сапарбаева Нұргүл Оразбайқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Баламалы энергетика ҒБО

Басшысы: Нүсүпов Қаир Хамзаұлы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Басшы орынбасары: Бейсенханов Нұржан Бейсенханұлы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Пән-Бастау факультеті

Декан орынбасары: Абикаева Марина Дәулетқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бас менеджер: Аманова Айдана Насрадинқызы  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

С: Оқытушы, факультет немесе университеттің өзге де  бөлімшелері деңгейінде  шешілмеген мәселелер бойынша кіммен байланысуыма болады?

Ж: Смолякова Екатерина Сергеевна, Ұйымдастыру-тәрбие жұмысы бойынша проректор: 8 747 475 56 79 e.smolyakova@kbtu.kz

 

ИНТЕРНЕТКЕ ҚАТЫСТЫ  МӘСЕЛЕЛЕР

С: Менің компьютерім жоқ.

Ж: Сіз ҚБТУ-дан компьютер ала алсыз. Өз факультетіңіздің әкімшілігіне хабарласыңыз.

С: Жатақханадағы интернет-байланыс баяу, онлайн-талқылаулар және сабақтар  үнемі үзіліп кетеді.

Ж: IT сүйемелдеу үшін WhatsApp арқылы 8 777 116 09 66 нөмірі бойынша хабарласыңыз (WhatsApp).

 

MICROSOFT 365-пен ҚИЫНДЫҚТАР

С: Мен Microsoft Teams платформасын түсінбеймін. Microsoft 365 лицензиясын қалай алуға болады?

Microsoft Teams – қашықтықтан оқытуға арналған қосымша. Оны қосу үшін  https://office.com  сайтына кіріп,  логин@kbtu.kz  форматында  wsp-ден логин мен  құпиясөзді  (пароль)  енгізіңіз. Авторизациядан кейін  Microsoft Teams-ті ашыңыз.  Басшылық -    https://www.kbtu.kz/images/DOT_MS_Teams_Guide.pdf

Егер сіз  office.com сайтында авторизация жасай алмасаңыз   лицензия тағайындау үшін WhatsApp +7 777 116 09 66  бойынша хабарласыңыз.

С: Microsoft Teams –ті қолдану бойынша басшылық мен үшін  тым ұзақ және күрделі.

Ж: Басшылыққа алуда ыңғайлы болу үшін «ҚО бойынша нұсқаулық»  бөлігінде  орналасқан  скриншоттар мен  қадам бойынша нұсқаулықты пайдалануға болады. Командаға қосу үшін өз оқытушыңызбен  байланыс жасаңыз.

 Microsoft Teams-ті  пайдалану бойынша  басшылық https://www.kbtu.kz/images/DOT_MS_Teams_Guide.pdf

 

ОНЛАЙН-АККАУНТ (ЕСЕПКЕ АЛУ ЖАЗБАСЫ)

С: Не wsp-ға, не ҚБТУ поштасына, не teams –ке кіре алмаймын. Құриясөз (пароль) дұрыс емес.  Құпиясөзді (пароль)  ауыстыруға бола ма?

Ж: Сіз Uninet-те құпиясөзді ауыстыра аласыз.  Бакалавриат https://wsp.kbtu.kz   Магистратура, докторантура https://pge.kbtu.kz

Егер сіз құпиясөзді ауыстыра алмасаңыз, өз факультетіңіздің  әкімшілігімен хабарласыңыз.

С: Хабарламалар  өзге поштаға келу үшін  өз E-mail-ді өзгертуіме  бола ма?

Ж: Жеке мәліметтерді өзгерту үшін сізге  факультет әкімшілігіне  жүгіну қажет.

 

БАҒАЛАУ

С:  Мен пән бойынша жұмыстардың  қалай бағаланатынын түсінбеймін.

Ж: Өз оқытушыңызбен  немесе  факультетіңіздің  әкімшілігімен хабарласыңыз. 

С: Сабақтарға қатысым мен белсенділік қалай бағаланатын болады?

Ж: Өз оқытушыңызбен  немесе  факультетіңіздің  әкімшілігімен хабарласыңыз.

 С: Мен өз оқытушымның  нұсқауларын түсінбеймін.

Ж: Өз оқытушыңызбен  байланыс жасаңыз. Одан соң  факультетіңіздің  әкімшілігіне хабарласыңыз.

С: Емтихан сессиясы қашан басталады?

Ж: Емтихан сессиясы академиялық күнтізбеге сәйкес 2020 жылғы 04 мамырдан басталып 23 мамырға дейін созылады.

 

ТӨЛЕМ

С: Төтенше жағдайға байланысты студенттерге оқу ақысын төлеу мерзімін ұзарту беріле ме?

Ж: Бүгінгі таңда қалыптасып отырған  күрделі ахуалға байланысты ҚБТУ басшылығы студенттерге қолдау көрсету мақсатында аталған кезеңде оқу ақысын уақытылы төлемегені үшін айыппұлдық санкция салынбайтынын хабарлайды. Өтініш хабарламаға қосымша тіркелген форма бойынша студенттің өз қолымен жазылуы тиіс. Өтініштің скан-көшірмесін кірістер бойынша бухгалтер  Наурызбаева  Әйгерімнің Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына не WhatsApp мессенджері арқылы 8708 368 20 08 нөміріне жіберуіңізді сұраймыз.

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗЕҢІ

Қашықтықтан оқыту кезеңі төтенше жағдай туралы өкімге сәйкес 2020 жылғы 15 сәуірге дейін созылады ма?

Ж: Студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі  басты басымдық болып табылатындықтан  ҚБТУ басшылығы әлемдегі және еліміздегі орын алған жағдайды жіті қадағалап отырады. Біз мемлекетіміздегі төтенше жағдайға қатысты барлық өкімдерді орындаймыз.  Өзгерістер болған жағдайда Сізді хабардар етеміз.  

С:Егер менің оқытушым қашықтықтан оқыту құралдарын жеткілікті деңгейде қолдана алмаса не істеуім қажет?

Ж: Түсіністікпен қарап, сабырлылық  танытуды сұраймыз – уақыт пен  іс-тәжірибе негізінде барлығы біртіндеп дұрысталады. Кері байланыс  ретінде  оқытушыңызға  құнды  ұсыныстар  беру үшін бастама танытыңыз. 

С: Маған 2020 жылдың көктемгі семестрінің аяғына дейін қашықтықтан оқыту режімінде қалуға бола ма?

Ж: Университетте барлығы бір режімге бағынады. Қашықтықтан оқыту кезеңі аяқталғанда барлық сабақтар күндізгі оқу формасына ауысады.

С: Қазақстан аумағынан тыс кетіп қалғандықтан аралық және қорытынды емтихандарды мерзімінен бұрын және қашықтықтан тапсыра аламын ба?

Ж: Жоқ. Барлық емтихандар академиялық күнтізбеде бекітілген мерзімдерде өтеді.

 

С: Транскрипт/ЗТЖМО анықтамасын/талап ету орны бойынша анықтаманы қашан және қалай алуға болады?

Ж: Коронавирустік инфекцияның таралуын щектеу мақсатында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында  Алматыдағы  барлық мекемелер мен ұйымдар  қызметінің  тоқтатылуы туралы шешім қабылданды. Осыған байданысты  қазіргі сәтте  талап ету орны бойынша, жәрдемақылар үшін анықтамалар немесе транскриптілер беру тоқтатылғанын хабарлаймыз.  

Анықтамалар, транскриптілер беру  2020 жылғы 07 сәуірден бастап  қайта жүреді.  

Өтінімдер беру барысында өз телефон нөмірлеріңізді немесе эл. поштаңызды көрсетуіңізді сұраймыз,  өйткені  құжаттар  суреті  сізге  whatsapp немесе  эл. адрес арқылы  жіберілетін болады.

 

COVID-19

 

COVID-19 коронавирустік жұқпасы – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирустен туындаған жұқпалы ауру.

Аталған вирустың әсері жөтел, қызу көтерілу, күрделі жағдайларда өкпе қабынуы секілді белгілерімен респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкеледі.

 

ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫ

 

Жаңа коронавирус ең алдымен індетті жұқтырған адаммен жақын байланыс орнату, яғни, келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы тарайды. 

 

КОРОНАВИРУСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

 

Коронавирус адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін.

БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.

 

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ ҚАЖЕТ?

 

  • Қолды өте жиі 20 секунд бойы сабындап жуу (микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі);
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
  • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
  • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, тойлар мен  жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
  • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
  • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
  • Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
  • Бөлмені жиі желдетіңіз;
  • Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
  • Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
  • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
  • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

 

СТУДЕНТТЕР, ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, еліміздің барлық аумағында 2020 жылғы 16  наурыздағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді.

Азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында өңірлік штаб жетекшісі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен 30  наурыздан бастап 5 сәуірге дейін қалада күшейтілген карантин тәртібі орнатылды.

Қосымша шектеу шаралары төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік комиссия шешімін  жүзеге асыру мақсатында орындалды.

 

ҚБТУ басшылығы әлем бойынша, сондай-ақ, елімізде қалыптасқан жағдайды мұқият бақылауда және студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің денсаулығы біздің ең басты басымдық болып табылады.

 

ҚБТУ сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету мен коронавирустік инфекцияның таралуын болдырмау бойынша барлық шараларды қабылдауда. 

 

Сізден сабырлық танытуды және оқу тәртібін сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар, бұл кезеңде үрейге бой алдырмау және арандатушылыққа жол бермеу өте маңызды. Өзіңіз бен өз жақындарыңызға қамқорлық танытыңыз!

 

Ұсыныстар мен шектеулер:

 

  1. Барлық қызметкерлер мен білім алушыларға университеттің немесе жатақхананың территориясына кірерде міндетті түрде:

 

  • қолыңызды антисептикпен жиі тазалап тұрыңыз;
  • қорғаныс құралдарын қолдану (медициналық бетперделер);
  • университет немесе жатақхана территориясына кірерде жылу өлшегіш құралдар арқылы дене қызуын өлшеу;
  • адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • қол алысып амандасу, сүйісу, құшақтасу секілді физикалық байланыстан бас тартыңыз.

 

  1. Тұмау, дене қызуының көтерілуі секілді белгілер байқалған жағдайда барлық қызметкерлер мен білім алушылардан:

 

- үйде қалып, жедел медициналық көмекке 103 жүгінуіңізді;

- ауырған жағдайда Университеттің медициналық қызметіне, басшылығыңызға хабарлауыңызды сұраймыз.

 

  1. Білім алушыларға, жатақхана тұрғындарына өзін-өзі оқшаулаудың қатаң тәртібін ұстануға кеңес береміз:

 

  • Өз бөлмелеріңізде болыңыз, өзге көршілеріңіздің бөлмесіне баруды шектеңіз;
  • бір ғимаратта 4-тен көп адамның жиналуын болдырмаңыз;
  • азық-түлік дүкені мен дәріханаға барудан бөлек, жатақхана территориясынан шығуды шектеңіз;
  • адам көп шоғырланған орындарға бармаңыз, сондай-ақ, қоғамдық көлік пен такси қолданбаған жөн.
  • Жатақханадан тыс жерлерде 1 сағаттан артық уақыт қалмаңыз.

 

Назар аударыңыз! Қазақстан-Британ техникалық университетінің Халықаралық департаменті қажетсіз сапарлардан аулақ болуды қатаң түрде ұсынады. Жеке сұрақтар бойынша бізге Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. бойынша хабарласыңыз.

Карантиндік шектеулердің қолданылуы кезеңінде Қазақстан тікелей әуе қатынасын қайта қалпына келтірген елдердің азаматтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының үкіметаралық комиссиясы берген рұқсаты бар адамдар ғана Қазақстан аумағына келе алады (студенттерге ведомствоаралық комиссияның рұқсаты талап етілмейді).

Рейстер туралы ақпаратты мына жерден табуға болады:

https://airastana.com/global/en-us/Plan/Flight-Information/Timetable

Сіз әрдайым ҚР келуді жоспарлаған кезде, алдын ала өзекті ережелермен және шектеулермен танысу үшін бізбен бірінші келісіп растаңыз (немесе бізге Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. хабарлаңыз).

Назар аударыңыз, студенттер өздері тұратын елдердегі Қазақстан консулдығында берілген оқу визасы (С9 санаты) бойынша ғана келуі тиіс. Қазақстан аумағында бастапқы визаны алу мүмкіндігі жоқ, сіз тек ҚР шекарасы ішіндегі визаңызды ұзарта аласыз.

Визасыз режим орнатылған елдердің халықаралық қызметкерлері өз елдерінде де, Қазақстанда да бастапқы жұмыс визасын (С3 санаты) алуға өтініш бере алады. Алайда, егер шетелдік азаматтың елі Қазақстан Республикасымен белгілі бір күн ішінде визасыз режимге ие болмаса, бастапқы визаға өтінішті тек сол уақытта тұрып жатқан елінде беру керек. Егер шетелдік азамат өзінің емес, басқа мемлекеттің ішінде қазақстандық визаға беретін болса, онда ҚБТУ халықаралық кеңсесіне сол елде тұрып жатқан негіздеме (визаның көшірмесі, тұруға ықтиярхатының көшірмесі) жіберу қажет.

Назар аударыңыз! 57 елдің шетелдік азаматтары үшін Қазақстанға келудің, онда болудың және одан шығудың визасыз режимі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатылды. Толық ақпарат алу үшін Қазақстанның жергілікті Елшілігіне хабарласыңыз.

Бұған Ресей Федерациясы, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Беларусь, Нидерланды, Германия, БАӘ, Түркия, Грузия, Шри-Ланка, Египет және Мальдив Республикасы азаматтары кірмейді.

Қосымша ақпарат алу үшін бізбен Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. байланысыңыз.

Joomla Plugins