Декан хабарламасы
ҚБТУ-дің Бизнес-мектебі 2001 жылы құрылғаннан бері үлкен жетістікке қол жеткізді. Біз бүгін кім екенімізді анықтап, Қазақстанның болашақ көшбасшылығы мен қоғамдағы құндылықтарды дамытуға үлес қосатынымызды мақтан тұтамыз. Елдегі жетекші бизнес-мектебі бола отырып, біз үнемі оқу бағдарламаларымыз бен оқыту әдістерін жақсартып, жетілдіріп отырамыз.
Біздің бакалавриат және магистратура бағдарламалары – CFA, ACCA және CIMA сияқты жетекші халықаралық кәсіби ұйымдар мойындаған, жергілікті оқытушылар тарапынан ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар. Сонымен қатар, ҚБТУ Бизнес-мектебі Американдық аккредиттеу кеңесінің (ACBSP) аккредитациясына үміткер екенін қуана айтамыз.
Біз жергілікті, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ұйымдармен тұрақты әріптестік байланыстарды орнату үшін көп күш жұмсаймыз. Мысалы, біздің студенттер Erasmus + және Абай-Верн сияқты алмасу бағдарламалары арқылы халықаралық тәжірибеге ие болып отыр. Сонымен қатар, Гарвард бәсекелестікке қабілеттілік институтының ұстазы Майкл Портердің бағдарламасы – Бизнес-мектеп магистрлеріне курс оқуға рұқсат беретін лицензиясы бар, Қазақстандағы жалғыз бағдарлама.
Ізгі құрметпен,
Ержан Мукашев
Бизнес-мектеп Деканы
Экономика ғылымдары бойынша философия докторы (Ph.D), Мэриленд Университеті, АҚШ