Курс базазалық деңгейге арналған тілдік тәжірибеден тұрады:
Шетел азаматтарына арналған қазақ тілі бойынша бастапқы курс бағдарламасы тыңдаушылардың барлық негізгі тілдік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған:
- жазбаша және ауызша сөйлеу
- оқу және тыңдау (есту арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру)
Қазақстанда тез бейімделу мақсатында метрода, дүкендерде, демалыс орындарында және т.б. жерлердегі хабарламаларды анық түсіну үшін «Шетел азаматтарына арналған Қазақ тілі» курсын өтуді ұсынамыз.
Курс бағдарламасы шетелдіктерге қазақ тілін меңгеруге және қазақ халқының мәдениетімен танысуға көмек көрсетуге бағытталған.
Курстың негізгі міндеті – тыңдаушыларды оқуға, жазуға және күнделікті қарым-қатынасқа арналған сөз тіркестерін үйрету болып табылады. Әр тақырыпта сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің дағдылары мен қабілеттерін дамытуға ықпал ететін мәтінге дейінгі және мәтіннен кейінгі жаттығулар бар.
Бір курс үшін 30 академиялық сағат бөлінген.
Формат: мұғаліммен онлайн-интерактив
Платформа: Microsoft Teams және/немесе Google Meet
Курс ұзақтығы: 2 академиялық сағат күніне
Курс тренерлерінің құрамы: қазақ тілінің тәжірибелі оқытушылары.
ТІРКЕЛУ СІЛТЕМЕСІ:
https://docs.google.com/forms/d/1KIGE57R9RxDxaVyhUZpwyHiAL_BpKZ7V2_e-wZXjCyU/edit