Курс базазалық деңгейге арналған тілдік тәжірибеден тұрады:

 

Шетел азаматтарына арналған орыс тілі бойынша базалық курс бағдарламасы тыңдаушылардың барлық негізгі тілдік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған:

- жазбаша және ауызша сөйлеу

- оқу және тыңдау (есту арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру)

Қазақстанда тез бейімделу мақсатында метрода, дүкендерде, демалыс орындарында және т.б. жерлердегі хабарламаларды анық түсіну үшін «Шетел азаматтарына арналған Орыс тілі» курсын өтуді ұсынамыз.

Курстың негізгі міндеті – тыңдаушыларды оқуға, жазуға және күнделікті қарым-қатынасқа арналған сөз тіркестерін үйрету болып табылады. Курс бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтиды: оқу, жазу, дүкенде, мейрамханада, метрода, көшеде және т.б. Әр тақырыпта сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің дағдылары мен қабілеттерін дамытуға ықпал ететін мәтінге дейінгі және мәтіннен кейінгі жаттығулар бар.

Тілдік деңгейді анықтағаннан кейін топтар бойынша бөлу жүзеге асырылады және сәйкесінше сабақтар кестесі жасалады. Бір курс үшін 30 академиялық сағат бөлінген.

 

Формат: мұғаліммен онлайн-интерактив

Платформа: Microsoft Teams және/немесе Google Meet 

Курс ұзақтығы: 2 немесе 3 академиялық сағат күніне

Курс тренерлерінің құрамы: орыс тілінің тәжірибелі оқытушылары.

 

 

ТІРКЕЛУ СІЛТЕМЕСІ:

https://docs.google.com/forms/d/1MvZTdxSadbtV3AzoruhNMx-HpnY7vQNv3B4jnin1Q9w/edit