Жалпы ережелер

Тіркеуші кеңсе (бұдан әрі – ТК) "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ (бұдан әрі – ҚБТУ немесе университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның миссиясы әрбір студентке жеке көзқараспен ҚБТУ білім беру қызметтерін ілгерілету болып табылады. ТК қызметінің стратегиялық мақсаты қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауда білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. Тіркеуші кеңсесін ҚБТУ ректорының бұйрығымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын тіркеуші кеңсенің жетекшісі басқарады.

Өз қызметінде ТК басшылыққа алады:

  • "ҚБТУ" АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
  • "ҚБТУ"АҚ Жарғысын;
  • "ҚБТУ" АҚ сапа жөніндегі басшылығы және университеттің сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) басқа да нормативтік құжаттары;
  • ҚБТУ бойынша бұйрықтар мен өкімдерін;
  • "ҚБТУ"АҚ-да кредиттік оқыту технологиясының қағидаларын;
  • ТК ережесі және ҚБТУ-дың басқа да ішкі құжаттарын.

ТК өз қызметін жылдық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

 

Негізгі міндеттер

ҚБТУ-да оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыруда оқу бөлімшелеріне жәрдемдесу. Оқытушылардың кәсіби және әдістемелік құзыреттілігін оқытудың жаңа әдістері мен инновациялар бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы ғылым жетістіктерін ЖОО пәндерін оқыту практикасына интеграциялау арқылы дамыту. Тұлғаның толыққанды дамуына жәрдемдесу және оны әлеуметтік-психологиялық қолдау, білім алушылардың кәсіби-маңызды қасиеттерін қалыптастыруға жәрдемдесу. "ҚБТУ" АҚ-ның сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру.

 

Тіркеуші кеңсесінің функциялары

ТК келесі функцияларды орындайды:

ҚБТУ-дың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлейді. ТК хаттарды, келісімдерді, жылдық есептер, сонымен қатар ТК қызметіне байланысты сұрақтармен өзге де ақпаратты дайындайды. ТК жыл сайынғы жұмыс жоспарлары мен қызмет бойынша есептерді әзірлейді, оларды белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҚБТУ ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

 

Студенттерді тіркеу секторы:

Семестр пәндеріне тіркелуді және білім алушылардың сабақ кестесін қалыптастыруда бақылауды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке оқу жоспарларына қол қоюын бақылауды жүзеге асырады. Университетте студенттердің жеке және академиялық деректері туралы ақпарат дайындайды. Орташа өлшенген бағалауды (GPA) есептеуді бақылауды жүзеге асырады. "Студенттер" тіркеу дерекқорын бақылайды. Университет қызметкерлеріне UNINET ақпараттық корпоративтік порталымен жұмыс істеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, "тіркеуші кеңсесі" автоматтандырылған жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ҚБТУ IT департаментімен ынтымақтасады. Сессия нәтижелері бойынша емтихан ведомостарын жинайды. Емтихан сессияларының нәтижелерін жинақтайды, университет бойынша №34 нысан бойынша емтихан сессияларының нәтижелері бойынша есеп дайындайды және оны ҚР БҒМ жолдайды. Студенттер контингентінің нысандары мен бөлімшелері бойынша қозғалысының есебін жүргізеді. Есептерді (1-НК, 3-НК жедел және жиынтық нысаны) жасайды, ҚР БҒМ-не білім алушылар контингенті туралы тиісті анықтамалық ақпаратты ұсынады. Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша бос орындардың есебін жүргізеді. Академиялық қарызды немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты жою үшін жазғы семестрді ұйымдастырады.

Студенттердің жеке істерін қабылдауды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асырады. Студенттер контингентінің қозғалысы бойынша бұйрықтар дайындайды. Қатаң есептілік құжаттарының бланкілерімен (диплом бланкілері, академиялық анықтамалар, дипломдарға қосымшалар және т.б.) қамтамасыз етеді. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілерін (диплом бланкілері, академиялық анықтамалар, дипломдарға қосымшалар және т. б.) қабылдауды, сақтауды және беруді ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі сектор:

ҚБТУ-да оқу бөлімшелерімен бірлесіп оқу-әдістемелік қызметті жоспарлайды. Академиялық күнтізбелердің уақтылы орындалуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген нормаларға сәйкес оқытушылардың оқу жүктемесін жоспарлау мен орындауды бақылайды. Университеттің аудиториялық және зертханалық қорларының есебін жүргізеді. Оқу сабақтарын, емтихандарды, кеңсе сағаттарын, студенттердің өзіндік жұмысын өткізу үшін аудиториялық қорды бөледі. Өтінімдер бойынша еркін аудиториялық қорды жедел және біржолғы беруді жүзеге асырады. Бакалавриаттың оқу сабақтарының кестесін әзірлейді. Кафедралардың оқу жүктемесінің есебін және осы жүктеменің профессор-оқытушылар құрамы арасында дұрыс бөлінуін тексереді. Кафедралардың оқу жүктемесінің нақты орындалуын тексереді. Магистранттардың сабақтарын өткізу үшін аудиториялық қорды бөледі. Студенттерді пәндерге тіркеу деректері туралы оқу бөлімшелерін хабардар етеді. Add/drop кезеңінде студенттерді олардың сұраныстары бойынша тіркеуді түзетеді. Бакалавриат емтихандарының кестесін әзірлейді. Мемлекеттік емтихандарды өткізу және мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы үшін аудиториялық қорды бөледі.

 

Тіркеуші кеңсесінің өкілеттіктері

ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінен ТК -ға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату және алу. ҚБТУ басшылығының келісімі бойынша ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес ҚБТУ ұйымдастыратын іс-шараларды дайындауға және өткізуге тарту. ТК қызметі мәселелері бойынша университеттің және оның бөлімшелерінің бейіндік конференцияларына, семинарларына және кеңестеріне қатысу. ҚБТУ бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша ҚБТУ басшылығына ұсыныстар енгізу. Қажет болған жағдайда жұмыс кеңестеріне бастамашылық жасау, ТК құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтарын ұйымдастыру және ТК қызметі мәселелері бойынша университетте өткізілетін басқа да кеңестерге, жұмыс топтарына қатысу. Қойылған мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін ҚБТУ бейіні бойынша кәсіпорындармен, жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдармен, ғылыми педагогикалық ұйымдармен кәсіби байланыстар орнату. ҚБТУ құзыреті шегінде өзге де әрекеттерді, "ҚБТУ"АҚ басқару органдарының басқа да нормативтік құжаттарымен және шешімдерімен жүзеге асыру.

 

Тіркеуші кеңсесінің жауапкершілігі

Тіркеуші кеңсесі осы ережеде көзделген, жүктелген міндеттер мен функциялардың тиісінше орындалуына, оның ішінде:

  • орындаудың сапасы мен уақтылығы;
  • берілген өкілеттіктерді пайдаланудың дұрыстығы мен толықтығы;
  • сапа саласындағы міндеттемелерді және СМЖ талаптарын орындау;
  • университет басшылығына жүктелген функциялардың орындалу барысы туралы уақтылы хабарлау.

 

Басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесу

ТК қызметін жүзеге асыру барысында:

  • өз өкілеттігі шегінде ҚБТУ-дың басқа құрылымдық бөлімшелерімен, еншілес ұйымдарымен және серіктестерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • ТК қызметі мәселелері бойынша дайындалатын нормативтік құжаттардың жобаларын мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, университеттің лауазымды тұлғаларымен келіседі;
  • университет басшылығының келісімі бойынша ҚБТУ-дың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін ТК ұйымдастыратын/өткізетін және өзге де құрылымдық бөлімшелердің қатысуын талап ететін іс-шараларды іске асыруға тартады.

 

Нургалиева Акбота Умирзаковна 

Басшы

Phone +7 (727) 357-42-81

Email Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

Сізді "Microsoft Booking" платформасында құрылған тіркеуші кеңсесінің өкілімен онлайн кездесу үшін, күн мен уақытты алдын ала брондауға мүмкіндік беретін тіркеушінің виртуалды кеңсесінде қарсы аламыз.

Осы мәселе бойынша жетекшілік ететін бағыттарды көрсете отырып, ТК қызметкерлері келтірілген. Егер сіз кіммен кездесуді ұйымдастырғыңыз келетінін білмесеңіз, "кез келген қызметкерді"таңдаңыз.

 

Нургалиева Акбота Умирзаковна - ТК басшысы

 

Магистратура және Докторантура:

Жагабаева Римма Кенжебаевна  

Бакалавриат:

Қасымбаева Гүлдана Бауыржанқызы – 1 курс ЭжМИМ, БМ, ХЭМ, КТА, ҚММ, МжЖТМ, ХИМ, ГМ

Фазылова Динара Айтасқызы – 1 курс АТжИМ

Трабай Айдана Маратқызы – 2-3 курстар АТжИМ

Нұрболат Зухра Нұрболатқызы - 4-7 курстар АТжИМ

Саттарова Индира Ермекбаевна – 2-7 курстар ЭжМИМ, БМ, ХЭМ, КТА 

Бесетаева Ботакөз Ғалымғазықызы - 2-7 курстар ҚММ, МжЖТМ, ХИМ, ГМ.

 

Сізге қолайлы күн мен уақытты брондау үшін "Виртуалды тіркеуші кеңсесі" сілтемесінен өтуіңізді сұраймыз