Құрметті 1-курс студенттері (ҚТА кадеттерінен басқа), университетіміздің әр студентінің, оқытушылары мен қызметкерлерінің денсаулығы біздің басты басымдығымыз болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда карантиндік шектеулердің қатаңдық деңгейі әр аймақта әртүрлі. Бүгінде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдары жоқ. Сол себепті, бірінші курс студенттерінің көктемгі семестрдегі сабақтары кестеге сай және онлайн форматта басталады. Оқыту форматындағы одан әрі өзгерістер елдегі және Алматы қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз наурыз айынан бастап онлайн режімінен аралас оқыту форматына көшу мүмкін болады деп күтудеміз. Сабақ бойынша өзгерістер uninet жүйесі және басқа байланыс арналары арқылы барлық 1 курс студенттеріне уақытылы хабарланады.

Үйден онлайн оқуға техникалық мүмкіндігі жоқ немесе интернетпен проблемалары бар студенттер Магистранттар мен студенттер үйіне орналаса алатынын естеріңізге саламыз.

 

 

Joomla Plugins