«Егер сіздің қандай да бір біліміңіз бар болса, онда ол білім өзге адамдарға жарық әкелсін». 

                                                                                        Маргарет Фуллер

 

KBTU Alumni KBTU StudEx-пен бірге KBTU Mentorship Club жобасын іске қосты.

Бұл ҚБТУ түлектері мен студенттерінен құралған тәлімгерлердің бірегей бағдарламасы.

 

Менторлық бағдарлама – бұл түлектер мен студенттердің тәлімгерлік әлеуетін ашатын жоба. ҚБТУ түлектер қауымдастығы әр түрлі буын түлектері мен студенттерді байланыстырушы буын болып табылады. Студенттер түлектермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады, ал кәсіпқой мамандар жас мамандарға мансаптық кеңес беріп, сараптамалық білімімен бөлісе алады.

 

ҚБТУ түлектері қауымдастығының тәлімгерлік бағдарламасы ерікті негізде құрылды:

 

  • табысты түлектер мен студенттер арасындағы байланысты ұйымдастыру;
  • біздің университетке қатысты қоғамның ниеттестігін арттыру;
  • ҚБТУ-дың бұрынғы студенттеріне ЖОО өміріне араласуға мүмкіндік беру;
  • жас талантты студенттерге өз мақсаттарына жетуге көмектесу;
  • кәсіби мамандардың жаңа қауымдастығын құру;
  • MVP құру үшін кросс-функционалды көп салалы командаларды жасақтау (АТФ, ЭжМГИ, ҚЭФ).

 

Бағдарлама студентке не береді?

 

  • Еңбек нарығындағы жағдайды түсіну
  • Білім беру сапасын арттыру
  • Өзіңізге деген сенімділікті арттыру және мансапты қалай құру, жеке бизнесті дамыту туралы түсінік
  • Мақсаттарға қол жеткізу және қиындықтарды жеңудің оң мысалдары
  • Мотивация және өз күшіне деген сенім
  • Кәсіби дағдылар және soft-skills
  • Қажетті байланыстарды орнату, нетворкинг
  • Жеке даму мен жұмысқа орналасу траекториясын жүйелі әрі саналы түрде құру.

 

Студент менторды түлектер тізімінен де, ҚБТУ студенттері арасынан да таңдай алады.