Құрметті Талапкерлер мен Білім алушылар!

 

Қызмет ақысын төлеу кезінде міндетті түрде төлемнің мақсатын, не үшін төлем жасайтыныңызды көрсету қажет:

  • оқу ақысы
  • ритейк (retake) ақысы
  • емтиханды қайта тапсыру
  • пәндерді қайта есептеу төлемі
  • жатақхана ақысы
  • кіру картасын қайта жасату ақысы
  • мақаланы жариялау және анықтама ақысы
  • кітапхана қызметінің ақысы
  • баспа орталығы қызметінің ақысы
  • дайындық курстары ақысы
  • студенттік жарна
  • өсімпұл/айыпақы/айыппұлдар

 

 

 

Қызмет ақысын келесі әдістермен төлей аласыздар:

 

  1. Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы:

 

  • «Төлемдер» - «Барлық төлемдер» - «Білім» - «Жоғарғы оқу орындары және колледждер» бөліміне өтіңіз
  • Тізімнен «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ табыңыз және «Факультет» бағанына факультет атауын жазыңыз.
  • Қалған барлық тармақтарды толтырыңыз: Курс, Студенттің аты-жөнін, Студенттің ЖСН-ін және Төлем мақсатын тізімнен таңдап, Соманы толтыру қажет.

 

  1. Halyk Bank мобильдік қосымшасы арқылы:

 

  • «Төлемдер» - «Барлық төлемдер» - «Білім алу» - «ЖОО, колледждер» бөліміне өтіңіз
  • Тізімнен «Қазахстан-Британ техникалық университеті» АҚ табыңыз және «Төлем кезеңі» бағанына төлем қандай мерзімге жасалатынын көрсетіңіз
  • «Факультет» бағанына факультет атауын жазыңыз және жоғарыда көрсетілген төлем мақсаттарының бірін көрсетіңіз
  • Қалған барлық тармақтарды толтырыңыз: Студенттің аты-жөні, Курс және төлем Сомасы.

 

  1. Банк ЦентрКредиттің BCC  мобильдік қосымшасы арқылы:
  • «Төлемдер» - «Жаңа төлемдер» - «Білім» - «Жоғарғы оқу орындары» бөліміне өтіңіз
  • Тізімнен «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ табыңыз, «Төлем мақсатын» таңдаңыз
  • Қалған барлық тармақтарды толтырыңыз: Студенттің ЖСН-ін, Факульт, Курс және төлем Сомасы.

 

  1. Төлем карточкасы арқылы төлем жасау kbtu.edu.kz сайтында, https://epay.kbtu.kz онлайн төлем сервисі арқылы жүргізіледі. Мұнда барлық қажетті бағандарды: студенттің ЖСН-ін, төлем сомасын, аты-жөні, әкесінің атын, телефонын, электронды мекенжайды, төлем мақсатын (яғни төлем түрін) толтырып, VISA және Master Card көмегімен онлайн төлемді жасай аласыз.

 

  1. Банк бөлімшелері арқылы:

Төлемді «Қазақстан Халық банкі» АҚ немесе «Jusan Bank» АҚ-ның кез келген бөлімшелерінде жүргізуге болады. Төлем кезінде өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті. Сонымен бірге талапкердің/білім алушының аты-жөні, әкесінің аты, ЖСН білу қажет.

 

Реквизиттер:

"Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ

БСН: 011140004703

Кбе: 17

ТТК: 861 (Білім беру қызметтері үшін төлемдер)

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ЖСК: KZ806010131000043902 (KZT) –теңгемен төлем үшін,

           KZ266010131000043904 (USD) –АҚШ долларымен төлем үшін

БСК:  HSBKKZKX

 

«Jusan Bank» АҚ

ЖСК: KZ96998CTB0001023013 (KZT)

БСК:  TSESKZKA