"Бала кезімізден бастап кітапханашылардың кітаптарды есептен шығарып жатып: Міне, біз тағы да кітаптарды жоюға міндеттіміз, өкінішті..”-деп, қатты күрсінгендері бәріміздің есімізде сақталған". Бірақ ҚБТУ ғылыми кітапханасының кітапханашылары бұл мәселенің шешімін тапты. Жылына екі рет Кітапхана есептен шығарылған кітаптарды жоюдың орнына өз оқырмандарына кітаптарды тегін тарату акцияларын өткізіп жүр, осылайша кітаптарға екінші өмір сыйлауда. 2024 жылғы 3 мамырда есептен шығарылған кітаптарды таратудың 2023-2024 оқу жылына арналған екінші акциясы өткізілді. Акцияға университет ректоры Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы, университет мұғалімдері мен студенттері қатысты. Көптеген кітаптар өз иелерін тапты және олар жаңа иелеріне пайда мен рахат әкеледі деп үміттенеміз. Сондай-ақ студенттер үшін арт-терапия аймағы ұйымдастырылды, онда олар бос уақытында суреттерді бояумен айналысты.