05.12.2017 жылдың 05 желтоқсанындағы №130 "Ғылыми кітапханаға қосымша ақылы қызмет ендіру" бұйрығына сәйкес  Ғылыми кітапхана ақылы қызмет көрсетеді.  Электронды ресурстар орталығында (№ 164 кабинет) және Ақпараттық-кітапхана Орталығында ақылы қызметтер ұсынылады: қағаз шығару, көшірме, сканерлеу және т.б. Ақылы қызметтердің ауқымды тізімімен прейскурант арқылы таныса аласыз.

ҒК прейскуранты     ҒК прейскуранты №2

      Кітапхана қызметкерлеріне деген  ақкөңілділік пен сыпайылық, кітаптарды ұқыпты ұстау – Ғылыми кітапханаға келудің жайлы болуының бар құпиясы осы. Қош келдіңіз!

 

Кітаптың қайтарылымын кешіктіру

Оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер оқырмандарға/ пайдаланушыларға бағдарламаға сәйкес оқу мерзіміне беріледі. Ескерту: Басқа оқырмандар санатынан сұраныс болмаған жағдайда пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін. Оқулықтың бір данасын қайтарудың әрбір кешіктірілген күні тәулігіне 100 теңге. 

Ғылыми кітапхананың қосымша ақылы қызметтер енгізуі туралы бұйрық

 

Кітапты жоғалтып алған жағдайда не істеймін?

"ҚБТУ" АҚ Ректорының (Басқарма төрағасы) «Ғылыми кітапхананың қосымша ақылы қызметтер енгізуі туралы» Бұйрығына сәйкес, кітапхана құжатын жоғалтқан кезде немесе техникалық құралдарын бүлдірген  жағдайда  оқырмандар/пайдаланушылар материалдық ресурстың 3 еселік нарықтық құнын ақшалай өтеуге міндетті.   

Ғылыми кітапхананың  ақылы қызметтер көрсету туралы ережесі

 

Кітапхана құжаттарының (кітаптар/әдебиеттер) жоғалуы/бұзылуы үшін төлем әдістері

 

  1. Төлемді «Қазақстан Халық банкі» АҚ немесе «Jusan Bank» АҚ-ның кез келген бөлімшелерінде жүргізуге болады. Төлем кезінде өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы және талапкердің/білім алушының аты-жөні, әкесінің аты, ЖСН білу қажет.

Сонымен бірге төлем кезінде міндетті түрде төлемнің мақсатын, не үшін төлем жасайтыныңызды көрсету қажет:

  • оқу ақысы
  • ритейк (retake) ақысы
  • емтиханды қайта тапсыру
  • пәндері қайта есептеу төлемі
  • жатақхана ақысы
  • кіру картасын қайта жасату ақысы
  • жазғы мектеп ақысы (оқушылар үшін)
  • мақаланы жариялау және анықтама ақысы
  • кітапхана қызметінің ақысы
  • дайындық курстары ақысы
  • студенттік жарна
  • өсімпұл/айыпақы/айыппұлдар

 

Реквизиттер

"Қазақстан-Британтехникалық университеті" АҚ

БСН 011140004703

Кбе 17

ТМК 861 (Білім беру қызметтері үшін төлемдер)

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ЖСК   KZ806010131000043902 (KZT) –теңгемен төлем үшін,

           KZ266010131000043904 (USD) –АҚШ долларымен төлем үшін

БСК HSBKKZKX

 

«Jusan Bank» АҚ

ЖСК  KZ96998CTB0001023013 (KZT)

БСК TSESKZKA

 

  1. Халық банктің Homebank қосымшасы арқылы төлеу:

«Төлемдер»- «Барлық төлем»- «Жоғарғы оқу орындары, колледждер» бөліміне кіру қажет, тізімнен "Қазақстан-Британтехникалық университеті" АҚ-ын тауып, «Төлем мерзімін» толтырып, «Факультет» бағанынан Факультетті көрсетіп және Жадынаманың 1-т-да көрсетілген төлем түрін жазу қажет (өйткені қосымшада басқа жиек қарастырылмаған). Сонымен бірге барлық басқа бағандарды: Факультетті, студенттің аты-жөнін, әкесінің атын, ЖСН-ін, Курсты, Төлем сомасын (төлемнің видео-үлгісі тіркелген) міндетті түрде көрсетіп толтыру қажет.

 

  1. Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу:

«Төлемдер»- «Білім»- «Жоғарғы оқу орны және колледж» бөліміне кіру қажет–тізімнен "Қазақстан-Британтехникалық университеті" АҚ-ын тауып, «Факультет» бағанынан Факультетті көрсетіп және Жадынаманың 1-т-да көрсетілген төлем түрін жазу қажет (өйткені қосымшада басқа жиек қарастырылмаған). Сонымен бірге барлық басқа бағандарды: Курсты, студенттің аты-жөнін, әкесінің атын, студенттің ЖСН-ін, төлеушінің аты-жөні мен әкесінің аты, Соманы (төлемнің видео-үлгісі тіркелген) міндетті түрде толтыру қажет.

 

  1. Төлем карточкасы арқылы төлем жасау www.kbtu.kzсайтында, https://epay.kbtu.kz онлайн төлем сервисі арқылы жүргізіледі. Мұнда барлық қажетті жиектерді: студенттің ЖСН-ін, төлем сомасын, аты-жөні, әкесінің атын, телефонын, эл. мекенжайды, төлем мақсатын (яғни төлем түрін) толтырып, VISA және Master Card көмегімен онлайн төлемді жасай аласыз.