ҚБТУ Ғылыми кітапханасының пайдаланушылары студенттер, ҚТА кадеттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және университет қызметкерлері болып табылады. Оқырмандардың барлық санаттарына кітапханалық және анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету МегаПро ҚБТУ автоматтандырылған ақпараттық-кітапхана жүйесінің Face-ID арқылы жүзеге асырылады.
Кітапхана құрылымы:
- Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу секторы;
- Кітапханалық ақпараттық қызмет;
- Электронды ресурстар орталығы;
- Құжаттарды цифрландыру секторы;
- Ақпараттық-кітапхана орталығы (АКО).
Ғылыми Кітапхана директоры - Шермаханова Айгерим Конысбековна,Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., 357 42 32 (ішкі 240), 160 кабинет
Директордың орынбасары - Бафубаева Үрдана Юлдашқызы, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., 357 42 84 (ішкі 241), 164 кабинет
Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу секторы (№ 160 кабинет)
Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу секторы кафедра өтінімдері бойынша кітапхана қорын толықтыруды қамтамасыз етеді, кітапхана қорының кіріс және шығыс оқулықтарының уақытылы есебін жүзеге асырады, қордың қозғалысын бақылайды, оқулықтарды білім саласы бойынша жүйеге келтіреді, жаңа түскен басылымдарды кітапхананың электронды каталогына енгізумен айналысады және жаңа оқулықтарға техникалық өңдеуді жүзеге асырады.
Сектор меңгерушісі: Джарбулова Г.Ж.
Кітапханалық ақпараттық қызмет:
- Абонемент;
- Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залы;
- Магистранттар және студенттер үйі оқу залы.
Абонемент (№ 157 кабинет)
Абонементте ҚБТУ МегаПро АИБС-да Face-ID бойынша университеттің барлық студенттері, магистранттары, докторанттары, оқытушылар мен қызметкерлері қайта тіркеледі. Оқырмандар әдебиеттерді уақытша пайдалануға құқылы. Қорда компьютерлік ғылымдар, математикалық және компьютерлік модельдеу, теңіз техникасы мен технологиясы, мұнай және газ, геология, химия және химиялық технология, экономика, қаржы және менеджмент салалары бойынша жаңаша отандық және шетелдік оқулықтар ұсынылған.
Сектор меңгерушісі: Құттұбекова Б.Қ.
Бас кітапханашы: Наурызалиева Қ.К.
Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залы (№ 158 кабинет)
Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттық технологиялар, мұнай және газ, техникалық және экономикалық ғылымдары бойынша жаңаша оқу, ғылыми және анықтамалық оқулықтар, сыйға берілген топтамалар, университет мамандықтары бойынша халықаралық басылымдар, сонымен қатар ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-танымдық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша мерзімді басылымдар мен газеттер ұсынылған. Кітап беру Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залының жұмыс жағдайына байланысты қысқа мерзімге беріледі.
Бас кітапханашы: Айтжанова К.А.
Магистранттар және студенттер үйі оқу залы
Магистранттар және студенттер үйі оқу залында оқулықтар, анықтамалар, әдеби кітаптар, саны аз әдебиеттер, сыйға алынған басылымдар, сонымен қатар республикалық газеттер мен журналдар ұсынылған. Оқу залы жатақханада түратын студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушыларға қызмет көрсетеді.
Кітапханашы: : Бөпешбаева К.Б.
Электронды ресурстар орталығы (№ 161, 164 кабинеттер)
Электронды ресурстар орталығы ҚБТУ ҒК кітапханалық технологияларын автоматтандырумен айналысады, пайдаланушыларға қызмет көрсету, оқу, ғылыми және ақпараттық тағайындауларға қолжетімділікті жүзеге асырады, ақпараттық білім, соның ішінде толықмәтіндік деректер қоры, электрондық каталог және т.б. қолжетімділікті ұсынады, ҚБТУ ҒК электронды каталог деректер қорын және кітапхана желісін басқаруды орындайды, Электронды ресурстар орталығы залдары HP құрылғылар базасында "шебер клиент" жүйесімен жабдықталған.
Сектор меңгерушісі: Өтегенова А.М.
Бас кітапханашы: Дюсембаева Ж.Б.
Құжаттарды цифрландыру секторы
Кітапхана қорындағы аз данада және жетіспейтін әдебиеттерді сканерлеумен айналысады;
- электронды кітапхананың мазмұнын қамтамасыз етеді;
- кітапхананың электронды ресурстық орталығында пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.
Сектор меңгерушісі: Ахметова Р.С.
Кітапханашы: Ибраева Д.А.
Ақпараттық-кітапхана Орталығы (АКО)
Ақпараттық-кітапхана Орталығында пайдаланушылар оқу залымен кітап қорына еркін кіре алады. Электронды ресурстар залында журналдар еркін кіру арқылы қолжетімді. Қорда мұнай және газ, геология, химия және химиялық технология салалары бойынша оқулықтар, ғылыми және анықтамалық әдебиеттер ұсынылған. Электронды ресурстар залы жаңа моноблоктармен, магнитті-маркерлік және интерактивті тақтамен жабдықталған. Сондай-ақ моноблоктар оқу залы мен кітап қорында да қойылған. Ақпараттық-кітапхана Орталығының барлық аумағында Wi-Fi қолжетімді. Ақпараттық-кітапхана Орталығының негізгі басымдылығы сыртқы ақпараттық ресурстармен халықаралық деректер қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету, оқырмандарға үздіксіз және жедел қызмет көрсету болып табылады.
Бас кітапханашы: Чыныбекова М.Е.
Ғылыми кітапхананың техникалық жабдықталуы
MegaPro автоматтандырылған ақпараттық кітапхана бағдарламасы (OOO Data Express, Мәскеу, Ресей әзірлеген) - жергілікті желі.
MegaPro - кітапханалық процестерді кешенді автоматтандыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық-кітапхана жүйесі. AАКЖ жыл сайын жаңартылып отырады, технологиялық модульдер жетілдірілуде.
ҚБТУ кітапханасы толығымен автоматтандырылған. Штрих-код технологиясын қолданады.
Электронды каталог 2002 жылдан бері жүргізіліп келеді. Деректерді енгізу AIBS MegaPro бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.