7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Бұл күннің мереке ретінде аталып өтуіне  1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасына қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы себеп болды. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті.

2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Заңға сәйкес, 7 мамыр демалыс күні болып бекітілді. 

Отан қорғаушыларды мерейлі мерекемен құттықтаймыз! Отанымыздың тірегі болар азаматтарға мықты денсаулық тілейміз!

Осы мерекеге орай Ғылыми кітапхана көрме ұйымдастырды. Көрмеде келесі кітаптар ұсынылды:

 

1. Ардагер Журналы.

2. Мүсірепов Ғабит. Қазақстаннан келген сарбаз: Ертегі.- Алматы: Жазушылар, 1988-208с.

3. Самсонов А. М. Өткенді еске алу.-М.: Ғылым. 1988. – 480с.