Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.
Көрмеге қойылған оқулықтар тізімі:
1. Дымов Олег. Мы, народ Казахстана... : We are the people of Kazakhstan. - Астана, 2004.
2. Народы Казахстана.Энциклопедический спрвочник. - Алматы : Арыс, 2003
3. Аяган Б.Г.Тәуелсіздік нышандары : Символы независимости. - Алматы : Раритет, 2011
4. Казахстан девятая территория мира.Т.IX. - Алматы : IMAK, 2009
5. Казахстаника: энциклопедия казахстанского пути в 6-ти томах:Т. 1: Духовное наследие. В 3-х частях. Часть 2. Т.1.
6. Менің Отаным-Қазақстан. - Алматы, 2016
7.Казахский путь 2050