14 қазанда Ғылыми кітапханада барлық курс студенттері арасында «Сүйікті кітаптардың таныс беттері» презентациялар байқауы өтті.
Байқауға қатысушыларға қазақ және орыс әдебиетіндегі сүйікті шығармалары немесе өз бетінше оқыған, жан дүниесінде із қалдырған көркем әдебиеттер туралы әңгімелеу ұсынылды.
Сайыстың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру, студенттерді өз бетінше ізденуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бірінші орынды Әлихан Дидар иеленді, ол Қабдеш Жұмаділовтің «Академіктің көз жасы» кітабы жайлы ойын жеткізді.
Екінші орынды Бахрамов Эльдар мен Сырымбет Нұртас иеленді. Эльдар Наполеон Хиллдің «Думай и богатей» кітабын, ал Нұртас Антуан де Сент Экзюперидің «Думай и боготей» кітаптары жайлы ой тарқатты.
Үшінші орынды Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабын ұсынған Нақыпова Ұлбосын иеленді.
Басқа қатысушылар да белсенді қатысқаны үшін сертификат алды. Жазушылардың бірі «Кітап жарыққа шыққанда емес, оқығанда туады» деген екен. Кітап – адамның өзгермес досы, кітап – шекарасыз әлем іспеттес.