Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Конституция «Жалпы ережелер», «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», « Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», « Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімдерінен тұрады. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды.
1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса,1995 жылы қабылданған Конститутция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға 1998, 2007, 2011 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді. Мерекеге орай Ғылыми кітапхана көрме ұйымдастырды.
Көрмеге қойылған кітаптар тізімі:
1. Аяған Бүркітбай Ғелманұлы.
Қазіргі Қазақстан тарихы : Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына(бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов ; Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. - Алматы : Раритет, 2010. - 448 с
2. Конституция Республики Казахстан.Научно-практический комментарий». - Алматы : Раритет, 2010. - 400с
3. Аяган Б.Г. Тәуелсіздік нышандары : Символы независимости / Б.Г. Аяган, А.Ж. Габдуллина. - Алматы : Раритет, 2011. - 260с
4. Шапақ У.Ш. Мемлекет және құқық теориясы : Оқу құралы / У.Ш. Шапақ, Ж.Р. Темірбеков. - Астана, 2015. - 265с
5. The Twilight Zone: Traps of the Transition Era». - Almaty, 2013. - 356с
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері)». - Алматы : ЮРИСТ, 2008. - 296с.
7. Жоламан Қабидолла Досмұхамедұлы. Мемлекет және құқық теориясы : Оқулық / Қ.Д. Жоламан. - Алматы : Нүр-пресс, 2007. - 296с
8. Сапаргалиев Гайрат Сапаргалиевич. Конституционное право Республики Казахстан : Академический курс / Г.С. Сапаргалиев. - Алматы : Жеті жарғы, 2002. - 528с.
9. Оспанов Қайырлы Иманәліұлы. Құқық негіздері : оқу құралы / Қ.И. Оспанов. - 2-бас.,толықтырылған. - Алматы : Жеті жарғы, 2007. - 304с