Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.  

Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін. 

 Осы мерекеге орай Ғылыми кітапхана көрме ұйымдастырды. Көрмеге төмендегі кітаптар қойылды.

1. Дымов Олег. Мы, народ Казахстана... : We are the people of Kazakhstan. - Астана, 2004. 

2. Народы Казахстана.Энциклопедический спрвочник. - Алматы : Арыс, 2003 

3. Аяган Б.Г. Тәуелсіздік нышандары : Символы независимости. - Алматы : Раритет, 2011 

4. Казахстан девятая территория мира.Т.IX. - Алматы : IMAK, 2009 

5. Казахстаника: энциклопедия казахстанского пути в 6-ти томах:Т. 1: Духовное наследие. В 3-х частях. Часть 2. Т.1. 

6. Менің Отаным-Қазақстан. - Алматы, 2016 

7.Казахский путь 2050