Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпенділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез-келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. 

 

 Осы мерекеге орай Ғылыми кітапхана көрме ұйымдастырды, көрмеге төменде көрсетілген кітаптар қойылды.

  1. Казахстан девятая территория мира.Т.IX. - Алматы : , 2009 
  2. Дымов Олег. Мы, народ Казахстана :  - Астана, 2004  
  3. Народы Казахстана. Энциклопедический спрвочник. - Алматы : Арыс, 2003 
  4. Кенжеахметұлы Сейіт.  Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті : Быт и культура казахского народа. - Алматы : Алматы кітап, 2010 
  5. Менің Отаным-Қазақстан. - Алматы, 2016 
  6. Аяган Б.Г.  Тәуелсіздік нышандары : Символы независимости. - Алматы : Раритет, 2011 
  7. Fergus Michael. Kazakhstan:coming of age. - London : Stacey International, 2003 
  8. Ақбай Н. Қазақтың дәстүрлі атаулары : Энциклопедиялық сөздік. - Алматы : Арда + 7, 2013 
  9. Қазақстанның жеті кереметі : Учебное пособие : Семь чудес Казахстана. - Алматы : Таймас, 2006.