Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

 

Осы мерекеге орай Ғылыми кітапхана көрме ұйымдастырды.

 

Көрмеде келесі кітаптар ұсынылды:

 

  1. 1986.Желтоқсан:5 томдық.Т.-2. - Алматы : Arna-b, 2011. - 376с.
  2. 1986.Желтоқсан:5 томдық.Т.- 3. - Алматы : Arna-b, 2011. - 274с.
  3. 1986.Желтоқсан:5 томдық.Т.- 4. - Алматы : Arna-b, 2011. - 362с
  4. Алматы.1986.Желтоқсан:5 томдық.Т.- 5. - Алматы : Arna-b, 2011. - 382с
  5. 1986.Желтоқсан:5 томдық.Т.- 1. - Алматы : Arna-b, 2011. - 464с
  6. Независимый Казахстан:день за днем.Хроника событий.Т.1(1990-1995гг.) : Сборник документов / сост.:Б.Г.Аяган,А.М.Ауанасова,Р.А.Кудайбергенов.Под ред.Б.Г.Аягана. - Алматы : Раритет, 2011. - 320с.
  7. Морозов А.А. Казахстан за годы независимости : научно-популярное издание. - Алматы : КИСИ при Президенте РК, 2005. - 236с
  8. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы. Тәуелсіздік белестері. - Алматы : Жибек жолы, 2010. - 344с
  9. Үсенов Сәділбек. Нұрсұтан Назарбаевтың идеялары-тәуелсіз Қазақстанның идеологиясы / ауд.Күләш Төлентаева. - Алматы, 2016. - 284с
  10. Алма-Ата. 1986. Декабрь. Алма-Ата: Коллегия «Аударма»: Алтын орда,1991-176 стр.
  11. Алма-Ата. 1986: Декабрь. Пер. Н. Кенжегуловой. – Алма-Ата: Коллегия «Аударма»: РГЖИ «Дәуір», 1992. 192 стр.