Неміс тіліндегі көрнекті жазушы Франц Кафка: «Маған кітаптарымды қалдырыңыз, менде бар нәрсе осы», - деп жазды. Ғылыми кітапхана да осы жазушының сөздерін қолдап, 10 наурызда кітапхана қорынан есептен шығарылған кітаптарды тегін тарату бойынша бұрын-соңды болмаған науқан өткізді. Көптеген кітаптар өз иелерін тапты және біздің кітаптарымыз оқырмандарымызға көп пайда әкеледі деп сенеміз. Сондай-ақ, студенттер үшін арт-терапиялық аймақ ұйымдастырылып, бос уақытында суреттерді бояуға мүмкіншілік жасалды. Батыстық психологиялық зерттеулерге сәйкес, суреттерді бояу стресс пен депрессия деңгейін айтарлықтай төмендетеді, адамды жағымды эмоциялармен толтырады. Қатысушылар белсенді түрде көптеген суреттерді бояп, ақпарат тақтасына өз пікірлері мен ұсыныстарын жазып, алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта кітапхана мұндай шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.