23 ақпан күні Ғылыми кітапханада «Өлең – сөздің патшасы ...» атты студент жастар арасында ұйымдастырылған сайыс өтті. Сайыс Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына байланысты, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров 130 жылдық мерейтойлары аясында ұйымдастырылды. Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айтатын болсақ қараңғылық басқан қазақ көгіне «өрмелеп шығып күн болуды» ойлаған, қазақ халқының кемеңгер перзенті еді. Бұл ақындарының әрқайсысынын шығармашылығы, кешкен ғұмыры ғибрат алар мұра.
Сайыстың басты мақсаты да мұраны сақтау, одан тәрбие алу, жастар арасында шығармашылықтарын насихаттау еді. Жыр додасы жоғары деңгейде өтті, қатысушылар ақын өлеңдерін мүдірмей жатқа айтып, тыңдармандар қойылған сұрақтарға жауап беріп білімділіктерін байқатты.
Әділ қазылардың шешімі бойынша Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің 1 курс студенті Рахимбеков Дәурен Талғатұлы жүлделі біріншы орынды иемденді. 2 жүлделі орынды Ақпараттық технологиялар және инженерлік мектебінің 1 курс студенті Мурзағали Данияр Серікұлы, 3 жүлделі орын Бизнес мектебінің 1 курс студенті Алкулова Жұлдыз Әбдімархатқызына бұйырды.