Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

 

1.Дербісалин Әнуар Ыбырай(Ибраhим) Алтынсарин. – Алматы: 2005.

2.Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт баспасы, Т1

3. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары. – Алматы: - 1988

4. Әлемдік педагогикалық ой – сана. 10 томдық.7 том: – Алматы. – 2011

5. Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы. – Алматы. 2007

6. Собрание сочинений. В трех томах. Том 3. Алтынсарин И. – 1978

7. Ыбырай Алтынсарин тағлымы: - Алматы. – 1991

8. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары: - Алматы. – 1994

9. Әлемдік педагогикалық ой – сана. 10 томдық: 10 том – Алматы. – 2010.

10. Ы. Алтынсарин әңгімелері. – 1980

11. И. Алтынсарин. Рассказы – 1971

12. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылдықтың тұтқасы. – Алматы: - 1991

13. Хасанова С. Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі:  Алматы.- 1972

14. Джумагулов К.Т.   Ибрай Алтынсарин и развитие культуры казахского народа. – Алматы. 1984

15. Алтынсарин Ыбырай  Таза бұлақ: Өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер. – Алматы: 1988

16. Звезды казахской литературы / Часть 1. Кокшетау. 2009

17. Мәдібай Қ.Қ.  XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2-кітап: Алматы – 2004

18.Алтынсарин.Ибрай.
Этнографические очерки и образцы устного творчество : Этнографиялық очерктер және ауыз әдебиет үлгілері. Т.13. - 2-е изд.,доп. - Астана : Алтын кітап, 2007