Жалпы, Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру - бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл шешім қазір қай қырынан алып қарасақ та дұрыс болғанын уақыт дәлелдеді. Танымдық тұрғысын сөз ететін болсақ, елордамызды Алатаудың бөктерінен Арқа төсіне көшіру арқылы біз тәуелсіздігімізді нығайттық, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жаңғырттық. Тамыры сан мыңдаған жылдардан сыр шертетін туған тарихымызды білдік, төл мәдениетімізді таныдық, ұмыт бола бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерлеріміздің қайнар бұлағын қайта аштық. Тәрбиелік тұрғысы жайлы толғасақ, Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі - жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңірудеміз. Осылардың барлығы бір арнаға тоғыса келе, ұлтты ұйыстыруға, мемлекеттілігімізді нығайтуға қызмет етіп жатыр.


 

Назарбаев Нурсултан Абишевич.
Казахстанский путь / Н.А. Назарбаев. - Алматы : Жибек жолы, 2010

Назарбаев Нурсултан Абишевич.
В сердце Евразии / Н.А. Назарбаев. - Алматы : Жибек жолы, 2010

Аяган Б.Г.
Тәуелсіздік нышандары : Символы независимости / Б.Г. Аяган, А.Ж. Габдуллина. - Алматы : Раритет, 2011.

Назарбаев Нурсултан Абишевич.
Еуразия жүрегінде / Н.А. Назарбаев. - Алматы : Атамұра, 2005

Современный Казахстан:стратегия успеха / Колл.авт.Под ред.М.Е.Шайхутдинова. – Алматы – 2008

Астана журналы - 3