9 мамыр ТМД аумағында, оның ішінде Қазақстанда, жыл сайын Жеңіс күні ұлттық мейрамы аталып өтіледі. Совет Одағына жеңіс оңай келмеді. Совет елі жалпы саны 27 миллионға жуық адам шығынын басынан өткерді. Басқыншылар 1710 қала мен елді мекенді, 70 мың ауылды қиратты.
Әр совет жанұясына трагедия әкелген Отан соғысы КСРО-ның жеңісімен аяқталды.
178 мың борышын атқарып жүрген әскерді санамағанның өзінде, Қызыл армия қатарына бір миллион 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды.
Ғылыми кітапхана қазақстандықтарды шын жүректен Жеңістің 76-жылдығымен құттықтай отырып, тарихи-ерлік мұрамызды сақтауға, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық рух пен туған жеріне деген махаббатқа тәрбиелеуге шақырады.