ID-карта кітапхананы пайдалануға құқық беретін негізгі құжат болып табылады, екі тараптың келісімінің растауы оқырманның/пайдаланушының кітапханалық құжаттардың сақталу жауапкершілігін анықтайды. Қайта тіркеуден өтпеген пайдаланушылар жол берілген бұзушылықтар жойылғанға дейін кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.  Оқырмандардың/пайдаланушылардың тіркелуі/қайта тіркелуі күнтізбелік жылдың басында абонемент арқылы жүзеге асырылады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырман/пайдаланушы кітапхананың барлық бөлімдерінің ресурстарын пайдалану құқығынан айырылады. Кітапхана қызметкерлері ақпараттық ресурстарды іздеуде, таңдауда дер кезінде кеңестік көмек көрсетуге міндетті. Университетті аяқтаған, болмаса ауысқан, ұзақ мерзімге кеткен (іссапар, академиялық демалыс және  т.б.) немесе жұмыстан босатылған оқырман/пайдаланушы оның атына тіркелген кітапхана құжаттарын толығымен қайтаруы тиіс.

 

 

Оқырмандар / пайдаланушылар жауапты:

  1. Кітапхананы пайдалануда бөгде құжатты пайдалануға немесе басқа біреуге ID- картасын беруге тыйым салынады;
  2. Қабылданған баспалық және аудиовизуалдық басылымдардың сақталуын/түгелдігін қамтамасыз етуге;
  3. Кітапханаға кіру талаптарын орындауға/сақтауға, атап айтқанда сырт киіммен, сөмкемен, тамақ өнімдерімен кітапханаға кіруге болмайтындығын  ұстанбағанда;
  4. Еркін пайдалану қорының орналастыру тәртібін сақтауға;
  5. Оқырмандар/пайдаланушылар мүлікке, техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыруды, ақпаратты тасымалдаушылар мен жабдықтарға ұқыпты қарауға, компьютерде жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздікті сақтауға;

Қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға (кітапхананың қызметкерлерімен және келушілерімен дұрыс және сыпайы қарым-қатынаста болуға, мобильдік телефон байланысын пайдаланбауға, кітапхананың барлық бөлімдерінде тыныштық сақтауға).