7 қарашада Қазақстан-Британ техникалық университетінде республиканың жоғары оқу орындары арасында шахмат бойынша "ҚБТУ-дағы шахмат семестрі" атауымен командалық турнир бастау алды.

Бұл дәстүрлі турнирге  Қазақстан мектептері мен жоғары оқу орындарынан 27 команда тіркелді. Осылайша, жарыста 108 жасөспірім гроссмейстер қатысты.

"ҚБТУ-дағы шахмат семестрі" халықаралық ФИДЕ шахмат федерациясының ережелері бойынша жүргізіледі. Турнир қорытындысы 9 қарашада  шығарылатын болады.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде шахмат ойыны белсенді жүргізіледі. Университет ұдайы ішкі турнирлермен қоса, қалалық, республикалық және халықаралық ауқымдағы жарыстарды да өткізіп тұрады. Жыл сайынғы "ҚБТУ-дағы шахмат семестрі" турнирі де, мұны мен қоса жеңімпазы университет грантын иеленетін мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған "KBTU Open" халықаралық турнирі де ерекше маңызы ие.