25 қазанда ҚБТУ-да Шанхай саясат-заң университетінің оқытушыларымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында ҚБТУ студенттерінің Шанхайда оқуы мен іс-тәжірибеден өтуі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ британдық ISE-LSE жоғары оқу орындарымен қос диплом беру бойынша ынтымақтастық мәселесі де көтерілді. 2020 жылы Шанхайда ректорларға арналған халықаралық форум өткізу жоспарлануда.