11 қазанда Қазақстан-Британ техникалық университеті Консультативтік кеңесінің бесінші мәжілісі болып өтті.
Кеңесте ҚБТУ-дың 2019-2020 оқу жылына арналған жоспары таныстырылды. ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев 2019-2023 жылдарға арналған университетті дамыту стратегиясы туралы баяндама жасады. Кеңесте өзге де мәселелермен қатар италияндық энергетикалық компаниялар Eni, EniProgetti және «Эни корпоративтік университетінің» қолдауы аясында «Industrial Project Management and Engineering» бағдарламасын іске қосу мен жүзеге асыру туралы, ҚБТУ-да Honeywell автоматтандыру орталығының ашылуы жөніндегі мәселелер қарастырылды, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастықты нығайтуға қатысты (НЗМ атынан Басқарма Төрағасы Күләш Шамшидинова қатысты).
Мұнымен қоса, ҚБТУ құрметті атағын беру рәсімі болып өтті. Атап айтқанда, ҚБТУ-дың бірінші ректоры, құрметті қазақстандық мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, ғалым, дипломат Әділ Құрманжанұлы Ахметовке университеттің Құрметті докторы дипломы тапсырылды.
Қазақстан экономикасының бүкіл спектрін қамтитын Консультативтік кеңес мақсаты – ҚР жетекші ғылыми-білім беру және инновациялық кластері ретінде ҚБТУ-ды дамыту стратегиясын қалыптастыруға ықпал ету.
Аталған консультативтік органның негізгі міндеттері:
• Білім беру қызметінде ҚБТУ мен бизнес құрылымдардың тиімділігін нығайту және арттыру;
• Даму стратегиялары мен келешегі зор бағыттарды қалыптастыруға қатысу;
• Нарықтың бүгінгі таңдағы үдерістеріне сәйкес жоғары, жоғары оқу орынан кейінгі және қосымша кәсіби білім берудің жаңа білім беру бағдарламаларын қарастыру, сұранысқа ие мамандықтар мен лайықты контингентті анықтау;
• Инфрақұрылымдарды дамыту жоспары, сондай-ақ бірлесе кадрлар дайындау және біліктілігін көтеру бойынша ұсыныстар беру;
• Профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің заманауи технологиялар және жүйелермен танысуы және оқып-үйренуі үшін энергетикалық, ақпараттық-технологиялық және қаржы-экономикалық секторлар кәсіпорындарына қолжетімділікке ықпал ету;
• Заманауи білім беру технологиялары мен үздік әлемдік іс-тәжірибедегі құралдарды енгізу;
• «Идея-ғылым-бизнес» ғылыми және коммерциялық қызмет тәжірибелері мен технологияларын тарату.
ҚБТУ-дың Консультативтік кеңесіне «Казэнерджи» ассоциациясы, «Атамекен»ҮЕМ, ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ және оның енщілес кәсіпорындары, NCOC, Chevron, «Тенгизшевройл», ExxonMobil, AgipCaspianSea BV, CNPC – Актобемунайгаз, КПО, КТК, Schlumberger, Honeywell, Deloitte, EY, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Халық Банкі, «Астана» ХҚО, ACCA, BritishCouncil, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ және оның «Казатомпром» ҰАК» сияқты еншілес компаниялары және т.б. ұйымдардың өкілдері енгізілген. Консультативтік кеңес төрағасы AgipCaspianSea BV басқарушы директоры Николо Аггоджери болып табылады.
ҚБТУ Консультативтік кеңес мүшелерінің тілектері мен ұсыныстарын оқу және ғылыми-зерттеу жоспарларына енгізу арқылы университетті стратегиялық дамытуға да, түлететін мамандарының сапасын арттыруға да жұмыс берушілер ықпалын арттыру жұмыстарын жүргізеді.
Университеттің Консультативтік кеңесін құру ҚР Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың индустрия мен білім беру арасындағы байланыс қажеттілігі туралы Жолдауынан бастау алады, сондай-ақ ҚБТУ мен еліміздің ірі жұмыс берушілері арасындағы ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастық мәселелерін жүйелейді.