Желтоқсан айында Бизнес мектебінде «Менеджмент», «Маркетинг», «Қаржы» және «Кәсіпкерлік» бағдарламаларының 3-курс студенттеріне арналған Филип Моррис Қазақстан компаниясының HR департаменті өкілдерінің қонақ лекциясы өтті. Қонақ лекциясы «Персоналды басқару» / «Human Resource Management» пәні аясында өтті, пәннің оқытушысы PhD, доцент Қайыржан Әбдіхалықов. Лекцияның тақырыбы: Empowering Talent: A Comprehensive Look at PMK’s HR Functions and Candidate Journey
Сұхбатшылар: Кристина Тен - Senior Team Lead Talent Acquisition, Азиза Наурызбаева - Recruitment Team Lead, Жансая Шардарбек - Talent Acquisition Executive.
Қонақ спикерлер Филип Моррис Қазақстан компаниясының HR (People & Culture) департаментінің функциялары туралы нақты практикалық мысалдармен айтып берді, сонымен қатар әрбір бөлімшесінің қандай жұмыс атқаратынын түсіндірді. Олар кандидаттың бос орынға өтініш беруден бастап жаңа қызметкердің компанияға бейімделуіне дейінгі процесті көрсетті. Студенттерге HR департаментінің бағдарламалары мен бастамалары туралы айтып берді: халықаралық тағайындаулар, түлектерге арналған карьерлік мүмкіндіктер, ФМК әйелдерді қолдау қауымдастығы, ФМК ата-аналарды қолдау қауымдастығы, тану мәдениетін енгізу және тағы басқа.
Жалпы, лекция студенттер тарапынан үлкен қызығушылықпен өтті, ал Филип Моррис өкілдері біздің студенттерді компанияда стажировкадан өтуге шақырды. Бизнес мектеп білім мен өндірісті интеграциялаудың маңызды екенін санайды, әсіресе менеджмент пен басқару үшін маңызды пәндер қатарына жататын HRM саласында.
«Персоналды басқару» пәнінде әртүрлі салалардан қонақ спикерлерді шақыру дәстүрге айналып, 2 жыл бұрын осы пәннің оқытушысы, ассистент-профессор Қайыржан Әбдіхалықовтың бастамасымен енгізілген.