2024 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және ҚБТУ Корпоративтік білім беру академиясы ұйымдастырған Халықаралық жазғы мектептің салтанатты ашылуы өтті.

 

Жазғы мектептің ашылуында ҚБТУ Ректоры М.Т. Габдуллин, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының агробио-ресурстар және экология ғылымдары орталығының басшысы Ж.С. Алманова және ҚБТУ ESG зертханасының жетекшісі Б.Р. Сырлыбаева құттықтау сөз сөйледі.

 

Халықаралық жазғы мектеп ғылым мен білімді біріктіретін платформаға айналып, ғылыми байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін жасауға ықпал ететін болады. Жазғы мектептің негізгі тақырыптары - тұрақты даму, экология және жасанды интеллект, яғни планетамыздың болашағы үшін өте маңызды бағыттар.

 

Қазақстан-Британ техникалық университеті тұрақты даму қағидаттарын өз қызметінің барлық салаларына енгізуге ұмтылады. Бұл білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді, ресурстарды басқаруды және әлеуметтік жауапкершілікті қамтиды. ҚБТУ Ректоры Маратбек Габдуллин тек жан-жақты көзқарас арқылы ғана біз ғаламдық сын-қатерлерге тиімді жауап беріп, қоғамның дамуына елеулі үлес қоса алатын жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелей алатынымызды атап өтті.

 

Ұйымдастырушылар халықаралық серіктестер — Janser Consult және Apple компанияларына осы іс-шараны жүзеге асыруға көрсеткен елеулі қолдауы мен үлестері үшін ерекше алғысын білдіреді. Олардың қатысуы жоғары деңгейдегі ұйымдастыруды қамтамасыз етіп, жемісті ынтымақтастыққа жағдай жасады. Біз бұл жазғы мектептің ғылым мен білімнің халықаралық деңгейде дамуына ықпал ететін маңызды кезең болатынына сенімдіміз.