16 тамызда ҚБТУ-да Тұрақты даму мәселелеріне және оларды шешудегі технологиялардың рөліне арналған meetup форматындағы іс-шара өтті.
 

Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚБТУ Жобаларды басқару кеңсесінің ESG Lab және CAICA (Climate Action Initiative Central Asia) ҮЕҰ.
 

CAICA - экологиялық тұрақты жобаларды және кәсіпкерлерді қолдау және дамытуға арналған қауымдастық. ESG Lab – бұл КБТУ Жобаларды басқару кеңсесінің жаңа бөлімшесі, ол университеттер үшін ESG-трансформациялау және әлемдік ESG-күн тәртібін іске асыруға, соның ішінде экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік салалардағы жобаларды қолдауға бағытталған.
 

Meetup-қа профильді аналитикалық орталықтар мен даму институттарын, недропайдалану саласындағы компанияларды, ESG консалтинг және жасыл кәсіпкерлік, студенттік қауымдастық және КБТУ бизнес-инкубаторы сияқты жетекші салалардың 50-ге жуық сарапшысы қатысты.
 

Талқылау барысында КБТУ Жобаларды басқару кеңсесінің ESG Lab және CAICA ҮЕҰ-ның қызметі таныстырылып, бірлескен жобалар мен іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, ҚБТУ, AlmaU, Халықаралық білім беру корпорациясының (МОК) сарапшылары жасыл кәсіптер бойынша мамандарды даярлау бағыттары туралы айтып берді.
 

Meetup қатысушыларға кадрларды даярлау, биоәртүрлілікті сақтау, жасыл кәсіпкерлікті дамыту, жасыл технологияларды әзірлеу және енгізу салаларындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.