Ассистент-профессор Каиржан Абдыхалыковты Ұлттық Мүдделі Тараптар Кеңесіне (ҰМТК) сайлануымен құттықтаймыз! 2024 жылғы 8 тамызда азаматтық қоғам өкілдерінен ҰМТК-ға сайлау нәтижелері жарияланды.
Дереккөз: Деятельность - Общественное объединение "ЭХО" (echo.kz)
Кеңес Қазба салаларының ашықтығы бастамасын (ҚСАБ) жүзеге асыру және оны қолдау мәселелерімен айналысады. Сайлау қорытындысы бойынша Бизнес мектебінің ассистент-профессоры, PhD Каиржан Абдыхалыков ҚСАБ-ты жүзеге асыру мақсатында 2024-2027 жылдар аралығында Қазақстандағы ҰМТК-ға үш жыл мерзімге сайланды.
Келешек мансабыңызда сәттілік тілейміз!