Кожабеков Серик Самсалыкович, химия ғылымдарының кандидаты, 42 жылдық ғылыми-педагогикалық өтілі бар ҚБТУ АҚ профессоры. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚБТУ профессоры, мұнай-химия және коллоидтық химия ғылыми-зерттеу инновациялық зертханасының меңгерушісі. ҚБТУ - да жұмыс істеген жылдар ішінде әріптестер, студенттер арасында өзінің кәсібилігімен, зиялылығымен және командада жұмыс істей білуімен сөзсіз бедел мен құрметке ие болды.

 

Кожабеков С.С. мұнай және мұнай өңдеу бойынша 4 оқу-әдістемелік құралдың, 8 патенттің және 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы болып табылады, оның 92-сі шетелдік және республикалық ғылыми журналдарда, оның ішінде Scopus және Web of Science жоғары импакт-факторы бар рецензияланатын журналдарда жарияланған. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері халықаралық және республикалық конференцияларда баяндалды. Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалатын ғылыми-зерттеу жобаларының басшысы болып табылады.

 

Кожабеков С. С  "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратура үшін оқылатын "мұнай дисперсті жүйелерінің реологиясы", "көмірсутек шикізатын қайта өңдеу технологиясы"элективті пәндері бойынша дәрістер курстарын әзірледі. Сонымен қатар профессор студенттердің, магистранттардың және Phd докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды.

 

2023 жылы Кожабеков С.С жетекшілігімен бітірген студенттің дипломдық жұмысы "студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы" республикалық конкурсына берілді.

 

Ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы көп жылғы және адал еңбегі үшін ҚБТУ АҚ-ның мақтау қағаздары, "Kazenergy" құрмет грамотасы, "Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының" Қазақстанның мұнай сервисі саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Асыл Еңбек"ордені бар.