Жандаулет Елдос Жандаулетұлы, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Алматы облысы Жансүгіров ауылында дүниеге келген, 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне механика-математика факультетіне, "математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің магистратурасын тәмәмдайды. 2018 жылы 6М070500 — математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша "Серпімді элементтері бар жүйелердің динамикасы" тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. 2019 жылы "6D070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандығы бойынша Қазақстан – Британ техникалық университетінің докторантурасына түсті.
2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан-Британ техникалық университетінің қолданбалы математика мектебінде оқытушы болып жұмыс істейді. Жұмыс барысында Жандаулет Е. Ж. өзін білікті маман және педагог ретінде көрсетті, үнемі өз тәжірибесімен бөліседі және қазақстандық жастарды интеллектуалдық өсу мен дамуға ынталандырады. Оның ғылыми қызығушылықтары физикалық процестерді математикалық модельдеудің сандық әдістерінің міндеттерін және жоғары өнімді есептеулерді ұйымдастыруды қамтиды.
Жандаулет Е. Ж. жас ғалым, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері 26 ғылыми еңбектерін жарияланған, соның ішінде Thomson Reuters немесе SCOPUS импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 19 еңбегі жарияланған.