2023 жылдың 26 желтоқсанда университет пен ғылыми-техникалық орталық арасындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылау үшін ҚБТУ ректоры М. Т. Габдуллин мен "QAZAQGAZ ҒТО" ЖШС Бас директоры М. Н. Шералы, сондай-ақ оның орынбасары А. К. Мардановтың кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында білім беру және зерттеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндігіне байланысты көптеген мәселелер талқыланды. Екі тарап газ саласы үшін білікті кадрлар даярлауға бағытталған бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, газ технологиясы саласындағы инновациялық шешімдерге бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларының перспективалары қарастырылды.

 

Екі тарап та университет пен QAZAQGAZ ҒТО арасындағы ынтымақтастық газ саласының инновациялық дамуына, сондай-ақ осы серпінді саланың заманауи сын-қатерлерін шешуге дайын сапалы мамандарды қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.