26 қазанда ҚБТУ-ға Канаданың Қазақстандағы Елшісі Алан Хэмсон мырза келді. Кездесуде ҚБТУ басшылығының қыркүйек айында Калгариде өткен Дүниежүзілік мұнай конгрессіне Канадаға сапарының қорытындылары талқыланды.
ҚБТУ ректоры Ғабдуллин М.Т. университеттің канадалық университеттермен және компаниялармен ынтымақтастық жоспарлары туралы айтты. Өз кезегінде Хэмсон мырза екіжақты қарым-қатынастарға білім беру саласында да, коммерциялық жобаларда да жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.