13 қазанда ҚБТУ басшылығы американдық Халықаралық білім институтының (IIE) сопрезиденті, Сара Ильчман ханыммен және Қазақстанда жақында ашылған «Steppe Global Education» IIE еншілес ұйымының басшысы Джоэл Эриксон мырзамен кездесті.
IIE – жоғары оқу орындарының әртүрлі секторларында студенттер, оқытушылар және мамандар үшін оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын үйлестіретін коммерциялық емес ұйым.
Ильчман ханым 100 жылдан астам тарихы бар ұйымның тарихын атай өтіп, оның негізгі бағыттарына тоқталды. Эриксон мырза АҚШ пен Қазақстан университеттері арасындағы серіктестік бағдарламасы туралы толығырақ айтып берді.
Бұл бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен қаржыландырылады және 2023 жылы IIE оның операторы болды. Өз кезегінде ҚБТУ ректоры Ғабдуллин М.Т. серіктестік бағдарламасына қатысуға дайын екенін білдірді және дамыту үшін басым бағыттарды, соның ішінде энергетикалық көшу, гидротехника, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және т.б. атап өтті.