Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған жаңа 10 грант байқауын жариялайды. 

Егер сіз ҚР азаматы, Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаңыз, сіздің мамандығыңыз – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау болса және өзіңіздің soft/hard дағдыларыңызды дамытқыңыз келсе, онда сіздің грантты ұтып алып, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігіңіз бар!

Бұл үшін 17.04.2023 ж. бастап 18.05.2023 ж. дейін қор сайтында (https://yessenovfoundation.org/kk/o-fonde/programmyi/resursyi/razvitie-it-kompetentsiy/yessenov-launch-pad/)  онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің сканы;
  • оған қосымша дағдылардың не үшін керек екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек мотивациялық хат;
  • Түйіндеме/CV.

Қосымша құжаттар:

  • Үміткердің белгілі бір саладағы жетістіктерін және/немесе мүдделерін көрсететін портфолио және тиісті растауды ұсыну – 3 құжаттан артық емес;
  • Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
  • Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар-3 құжаттан артық емес*;
  • Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;
  • Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.