Бизнес мектебінің студенті Сейсембеков Дулат Бауржанұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жастар саясатының үздік көшбасшысы» атты Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл байқау университеттің студенттік өміріне белсенді қатысатын және қоғамның дамуына үлес қосатын жастарды қолдауға бағытталған.

 

Дулатты жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

Біздің студенттердің осындай жетістіктерін көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз!