DeoxyriboNucleic Acid деп аталатын Қазақстан-Британ техникалық университетінің командасы ICPC спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының өңіраралық кезеңінде бірінші орынды иеленді. Енді біздің балалар әлемдік финалға шығу үшін Солтүстік Еуразия командаларымен жарысатын болады.

Deoxyribonucleic Acid командасының құрамы:

  • Тұрсынбай Дінмұхамед - 3 курс, АТжИМ (Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі)
  • Қанатұлы Аманбол - 1 курс, АТжИМ (Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі)
  • Алтыбай Назарбек - магистрант, АТжИМ (Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі)

ICPC-ең беделді бағдарламалау жарыстарының бірі. ICPC форматындағы спорттық бағдарламалау-бұл 5 сағаттық жарыс, 10–13 тапсырма: үш қатысушыдан тұратын командалар тапсырмалардың саны мен шешу жылдамдығы бойынша жарысады.

ҚБТУ командасының қатысушыларын құттықтаймыз және келесі кезеңдерден өтуге сәттілік тілейміз!