30 қазанда Қазақстан теңіз академиясының екінші курс кадеттері өздерінің алғашқы теңіз тәжірибесіне Роттердам қ., Нидерланды – Лас-Пальмас-де-Гран-Канария қ., Испания бағыты бойынша Eendracht желкенді кемесімен барды. Жорықты 22 күнде жүзеге асыру жоспарлануда.

Студенттер астронавигация, желкенді жүзу, метеорология, алғашқы медициналық көмек көрсету, техникалық қызмет көрсету, кеме машиналары бөлімін дайындау және т.б. тәжірибелерден өтеді.

Теңіз тәжірибесі ҚТА білім беру бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің серіктесі Eendracht компаниясының кемесінде өткізіледі. Eendracht әріптестері теңізшілерді дайындауда үлкен тәжірибеге ие және олардың ҚБТУ-мен ынтымақтастығы көптеген жылдар бойы жалғасып келеді.

Желкенді қайықта ҚТА кадеттері Қазақстан Республикасының туын тұрғызып, мемлекеттік әнұранды орындап, тәжірибелік тапсырмаларды ынтамен орындауға кірісті.