Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге арналған әлем зертханаларында ғылыми тағылымдама байқауын  жариялайды.

 

ЕГЕР СЕН:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
  • Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.

 

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП, 2023 ЖЫЛ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА  МҮМКІНДІГІҢ БАР!

Бұл үшін 21.10 бастап 30.11.2022ж. дейін қор сайтында https://yessenovfoundation.org/o-fonde/programmyi/nauka/nauchnyie-stazhirovki-v-laboratoriyah-mira/programma-nauchnyh-stazhirovok-v-laboratoriyah-mira-2023/
өтінімді толтыру және оны келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

 

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәлік сканы;
  • «Менің арманымдағы зерттеу жұмысы» тақырыбындағы эссе.

Эсседе келесі сұрақтарға жауаптар болуы керек:

  • Қазіргі таңда қандай зерттеу тәжірибеңіз бар?
  • өзіңіздің арманыңыздағы зерттеу жұмысы қандай және оны іске асыру үшін не істеу қажет деп ойлайсыз.
  • Транскрипт (барлық оқу семестрдері);
  • Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан диплом – 1 құжаттан артық емес;
  • Түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар – 3 сертификаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділік және волонтерлық сертификаттары-2 сертификаттан артық емес
  • Жарияланымдар – 2 жарияланымнан артық емес;
  • Ғылыми жетекшіден/ректордан/проректордан ұсыным хат – 1 құжаттан артық емес.

 

Бағдарламада әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында  жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 90 күнге дейінгі жалпы саны  10 грантты қарастырылған.