2022 жылғы 26 тамызда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллин QazaqGaz ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешовпен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Бүгінде Қазақстан-Британ техникалық университеті экономиканың базалық салалары үшін де, High-Tech саласында да ғылыми зерттеулер жүргізетін Қазақстандағы жоғары техникалық білім берудің көшбасшысы болып табылады.
ҚБТУ дамуының басты қағидаты ғылым мен білім беру индустриялық өнеркәсіп секторымен ажырамас байланыста болатын зерттеу үлгісіндегі университетке айналу болып табылады.
Өндірістегі жаңа үрдістерді ілгерілету және оларды ЖОО-ның академиялық бағдарламаларына, оның ішінде газ саласына енгізу мақсатында ҚБТУ-дың өндірісі мен академиялық ортасы арасындағы диалог алаңының жұмыс істеуі үшін жағдай жасаудың маңызын атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда "QazaqGaz «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін танытушы Қазақстан Республикасының газ компаниясы болып табылады.
Осыған орай, кездесу барысында тараптар қазақстандық газ индустриясын дамыту перспективаларын талқылады. Меморандум шеңберінде гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көмегімен бірлескен ғылыми жобалар іске асырылатын болады.
Біз ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестікке мүдделіміз және біздің университет газ саласын жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу шеңберінде компания миссиясын іске асыруға өз үлесін қосатынына сенім білдіреміз.