2022 жылғы 9 тамызда Ресей "Тау-кен ғылымдары Академиясы" ЖҚБ президенті Юрий Николаевич Малышев, ҚР ҰҒА академиктері Б.Р. Ракишев, Н.С. Буктуков, ҚР ҰҒА Президенті Н. Б. Рыспанов және академик Б. О. Дүйсебаев сапармен болды.

🔵 Сапар барысында геология және геологиялық барлау, ғылыми кадрларды бірлесіп даярлау, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сапар барысында РФ "Тау-кен ғылымдары Академиясы" ЖҚБ мен ҚБТУ арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Одан әрі жұмыс бірлескен зерттеулердің басым бағыттары, жас ғылыми кадрларды даярлау, тау-кен ғылымдары саласында бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жалғастырылады.