2022 жылғы 26 наурызда Қазақстан-Британ техникалық университетіне Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Мәдиев Жаслан Хасенұлы келді.

Сапардың мақсаты IT-бағыттағы білім беру бағдарламаларын оқыту үшін ЖОО-ның техникалық жабдықталуымен танысу болды. Машина жасау, электронды өнеркәсіп, робототехника және кеме жасауды дамытудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, IT бағыты бойынша педагогтарды даярлау мәселесі талқыланды.

Вице-министрге сапар барысында робототехника және электротехника бойынша ақпараттық технологиялар факультетінің зертханалары, Halyk Academy, Қазақстан теңіз академиясының симуляторлары, Honeywell автоматтандыру Оқу орталығы, мультимедиялық технологиялар орталығы, баламалы энергетика және нанотехнологиялар ғылыми-зерттеу орталығының зертханасы және Тәуелсіздік залы көрсетілді.

FaLang translation system by Faboba