18 ақпанда Британ Кеңесінің делегациясы ҚБТУ-ға барды. Сапар барысында Орталық Азиядағы әріптестік қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі жетекші доктор Бен Грей бірлескен зерттеулер жүргізуде Ұлыбритания университеттерімен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін, академиялық ұтқырлықты талқылау үшін ҚБТУ факультеттерінің басшылары мен декандарымен кездесті. Британдық Кеңес делегациясы Bloomberg, Honeywell зертханаларына, Робототехника және нанотехнология зертханаларына, Halyk Academy зертханаларына және Қазақстан теңіз академиясының симуляторларына барды.